Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

60 cекундтық экономика: нарықтың көрінбейтін қолы, үнемдеушілік парадоксы мен рационалды таңдау туралы мультфильмдер

Британдық The Open University компаниясының ұжымы 2011 жылы 60 Second Adventures in Thought деп аталатын шағын анимациялық роликтер арқылы идеялар әлемінен қысқаша шолу көрсететін топтама жасап шығарады. Ахиллестің бастан кешкендері мен тасбақа немесе Шредингер мысығының дауыстарын салған британдық комик Дэвид Митчеллдің тобы бұл мультипликациялық топтама арқылы экономиканың негізгі алты теориясын халыққа жеткізуді ойластырады. Сөйтіп, дүниеге 60 Second Adventures in Economics сиквел-жобасы келеді. Қарқынды дами түсетін роликтерде Адам Смит, әмбебап тауардың метафорасы ретінде тоқаш және жынданған шаңсорғыш көрініс табады. Нарықтың көрінбейтін қолы Экономика — бақылауға көне қоймайтын нәрсе. Мысалы, сен 1 фунттық бөлке сатып алайын деп жатқанда, оған қарама-қарсы наубайханада дәл сол бөлк…

9
2
2062

«Талпын» тобы: «Біз үшін театрдың орны ерекше»

Қазіргі қазақ сахнасындағы эстрада бағытында бағын сынап, халық жүрегінен жылы орын алып жатқан жеке әншілер мен көптеген топтардың жыл сайын қарыштап дамып, көбейіп келе жатқаны қуантады. Десе де «әннің де есері бар, естісі бар» демекші, тыңдарман жүрегіне жол тауып жатқандары қуанта қоярлықтай көп емес. Жас та болса қазақ өнеріне өзіндік үн қатып, даңғыл жол салуды көздеген «Талпын» тобының жігіттері халыққа өз ойларын ортаға салып пікірлеспек. - Сөзімнің бісмілләсі ретінде қояр сұрағым топтың атын «Талпын» деп қоюдағы басты себептерің неде? Мәулен: - 2006 жылы Талдықорған музыкалық колледжінде 2 курста оқып жүргенімізде мен, Еркебұлан, Мерей үшеуміз акапеллалық әндер орындап жүрдік. Кейіннен дауыс үйлестігімізді байқаған адамдар «неге топ құрмайсыңдар?» - деп ұсыныстар айта бастады. Ал…

5
6
2175

Адам көркі — шүберек #2: Әсел Cherie

Әсел Қадірбаева блог әлемінде Cherie/Asselcherie нигімен белгілі. ҚБТУ-дің 4-курс студенті Қаржы-Экономика факультетінде білім алуда. Бьюти-блогингте бағын сынап, Yvision.kz сайтында «Chérie жазбалары» атты блогын жүргізеді. Проза, аспаздық, сурет салу, дизайн, қолөнер мен тігумен айналысатын Әселдің арманы — өзгелерге ұқсамайтын жоба жасау. Жыл маусымдары ауысқан сайын ауа райымен қоса, киім үлгілері де өзгереді. Киім-кешекті бірінің үстіне бірін киіп, түрлі образдар жасауға болатыны үшін күзді ұнатамын. Мысалы, жазда жейде мен шорты немесе көйлек киіп, жүре береміз, оларға тек моншақ не білезіктерді қосуға болады, бірақ аптап ыстықта басқа аксессуарларды тағу қиын. Ал бұл күзгі образға келетін болсам, университетке, жұмысқа, құрбыларыммен сыртқа шығуға немесе сүйіктіммен бір жерге баруғ…

Ерболат Тоғызақов: Мен Жастарға сенемін

Толомұш Өкеевтің «Көксерек», Рүстем Әбдірашевтың «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны», Фархат Шариповтың «Қызғылт қоян», Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмінде эпизоттық рөлдерді сомдаған Ерболат Тоғызықов «кішкентай» рөлдер болмайтынын, тек «кішкентай» актерлар барын біледі, сондықтан да өзі сомдайтын кез келген кейіпкерін тереңнен зерттеп, режиссердің қояр талабын зерделеп алады. Ерболат ағаның киноға қиянаты жоқ, өмірінің 35 жылын «Қазақфильмде» қызмет етіп жүріп өткерді. Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі арқылы елеулі актерлық табысқа жеткен Ерболат ағамен әңгімелесудің реті келген болатын. Н.Сланбек: Аға, халыққа кеңінен өнеріңізді насихаттаған «Шал» фильміндегі рөліңіз болды. Трагедиялық атмосфераны комедиялық элементтермен түрлендіре алар, образдық жан-жақтылығыңыз бен типаждық е…

11
6
1788

Жексенбілік дастархан: Тұмауға қарсы шырын

Күздің алғашқы айы жылы өткенімен, қазан басталғалы көбімізге тұмау тиіп, ауырып жүрміз. Тұмауды алдын алу үшін «С» дәрумені бар жемістерді көп жеу керек екендігін бәріміз білсек те, лимонды күнделікті рационға қосу қиындау. Сондықтан да бүгін «Екпін» «Аспаздық» айдарында табылуы оңай, денсаулыққа пайдасы мол үш заттан тұратын шырынның жасалу жолымен бөліседі. Ол үшін бізге не қажет: Апельсин — 3-4 дана Апельсиннің құрамындағы 80 г. аскорбин қышқылы (С дәрумені) адамның бір күндік С дәруменіне деген қажеттілігін өтейді. Сондай-ақ апельсиннің денедегі қызуды басатын қасиетін адамдар ертеден пайдаланады екен. Апельсиннен қызуды басатын тұнба жасаудың әдісі: 3-4 бөлік апельсинді 50 мл. бөлме температурасындағы жылулықтағы қайнаған су құйып 30 минутқа қойып қоямыз. Бұл дәрі-тұнба адам денесін…

10
5
3090

«ҚБТУ — Торнадо». Спорттық программалау мен мақсат қоя білу.

Бүгінгі материалда «Екпін» жобасы оқырмандарын тағы бір талантты топпен таныстырмақшы. Бұл топ ән айтпайды, би билемейді, тіпті олардың театрға да қатысы жоқ. Биылғы жылдың көктемінде талантты жігіттерден құралған аталмыш топ Варшава қаласында Қазақстанның атын 5 сағаттың ішінде әлемге танытты десек, артық айтпаспыз. Бұлар кім десеңіз — Әлемдік Студенттерге арналған ең ірі халықаралық бағдарламалау (ағылшын тілінде қысқаша ACM/ICPC) олимпиадасына қатысып, 16-орын иеленген «ҚБТУ — Торнадо» командасы. Команда Қазақ-Британ университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде білім алып жатқан Әзизхан Әлмаханов, Қанат Сатылханов және Мадияр Айтбаев деген жігіттерден құралған. Бүгін осы жігіттермен сұхбаттасудың сәті түсіп, оларды әңгімеге тартқан едік. Солдан оңға: Қанат, Мәдияр, Әзизхан, Д…

9
4
1464

«Зачем орысша, когда есть қазақша?!»

IT индустрия елімізде жылдан жылға дамып жатқаны баршамызға мәлім, соның дәлелі ретінде қазнеттегі электронды коммерцияның өсуі, түрлі веб-дизайн студиялар мен диджитал агенттіктердің ашылуын айтуға болады. Бұрын отандық IT индустрияны Алматымен байланыстыратын болсақ, қазіргі кезде аймақтарда да бұл саланың мамандары жетерлік. Бүгінгі сұхбаттың қонағы Тимур Бектұр бұл жайында сөз қозғап, интернеттегі қазақ тілді жобалардың болашағы мен идеялары турасында әңгімелейді. — Алдымен өзіңіз жайында айтып берсеңіз. Бүгінгі мамандығыңыз IT саласына деген қызығушылығыңыз қанша жасыңызда оянды? — Мен Маңғыстаулықпын. Жетібайдың тумасымын. Мамандығым ақпараттық технология саласына тікелей қатысты. Қазақшалау не оны түсіндіру ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Жалпы халықтың тілімен айтқанда «компьютерщик»…

Аптаның қызықты материалдары #19

Алтынға күйе жағылған күн Киноиндустрияның жаңа өнімі жылт етсе, кинотеатрға тартатын әдетім бар. Сол әдетім мені осы аптада тағы да киноэкранның алдынан бірақ шығарды. Алдын ала афишаны зерттегенімде, көзім бірден «Орда» деп аталатын фильмнің жарнамасына түскен еді. Фильмді түсірген ресейлік режиссер Андрей Прошкин деген сабаз екен. Фильмнің аннотациясы атауынан бетер қызықтырды: «XІV ғасыр. Алтын Орданың Еуразия материгінің басым көпшілігіне билігін орнатқан заман. Мәскеу княздігі де салық төлеп тұрған алмағайып дәуір» - деп қойыпты. Әншейінде, орыс ағайынымыз аспаннан аяғы салбырап түскендей, тарихи фактілерді мойындамай жатушы еді, бұл фильмнің мазмұны қандай екен деп көруге асықтық. Оның үстіне Алтын орда заманы күллі түркі тілдес бауырларға ортақ, әсіресе қазақтың нақ өзінің тарихы…

6
0
1330

«Аз уақытта көп білу жолының басы»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап»* журналының беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған. Аз уақытта көп білу жолының басы Мақсудлы жерге баруға сапар жолын анықтап білу міндет. Жалғыз болып жаңылса, қатесі өзіне тиеді, басшы болып адасса үлкен зияншылық шашады. Қазақ халқы барамыз деген жерін сезіп жүр «ғылым-білім» деп. Барамыз деген жерін біліп оқуға көңілденгенге басшы молда, мұғалімдерді не жолменен апарудың өздері анық білуге аса міндетті. Басшы түзу болса, ұзын жол қысқа, басшы олақ болса, қысқа жол ұзын. Қысқа жолға уақыт аз, ұзын жолға уақыт көп өтеді. Уақыттан бағалы дүниеде ешнәрсе…

«Бастау» жас кинематографистер додасы қалай өтті?

Өнер мейрамына айналған II «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі 23-27 қазан аралығында әсем Алматыда Америка, Орта Азия іспетті 15 елден келген жас кинематографисттердің басын біріктірді. Фестиваль студент -режиссерлардың өзара тәжірибе алмасуына мұрындық болып, отандық киноөндірістің даму бағытындағы жастардың рөлін анықтай келе, киносүйер қауымға 180 фильмнің ішінен іріктелген 44 фильмді назарға ұсынды. ««Бастау» кинофестивалінің аясында көрсетілген фильмдер құрылымы, техникалық шеберлігі, айтар ойы жағынан кәсіби шеберлерден еш кем емес. Фестивальде дарынды жастардың шеруін көргендей болдық. Әр фильмнің өзіндік шеберлігіне қарап, әлі қалыптасу үстіндегі студенттердің жұмысы дегенге сенбейсің, фестивальге ұсынылған фильмдердің барлығы дерлік өзінің…

5
1
1193