Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Көрерменіне жол тартқан «Ғаламтордағы махаббат»

60-70 ж.ж. кейін тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамдарымен бірге құлаш сермеген «жаңа толқын» режиссерлері ғарыш кемесін ортақ символ ретінде алып, жаңа өмірдің бастауында тұрғанындарын көрсетіп, биікке ұмтылыстарын байқатты. Режиссерлеріміз өмірдің нақ көріністерін бейнелеуге тырысты, құндылықтар ауысып, қымбаттың құны жоққа айналған, бетке ұстар нысана, бағдар таппаған кезеңді суреткер көзі тап баса білді, қазақ киносы кино тілін басқа қырынан аша бастаған шақ еді бұл. «Жаңа толқын» өкілі Әмір Болатұлы Қарақұлов «Жапырақтар», «Ажыратушы», «Көгершін бағушы», «Жылама», «Соңғы демалыс» фильмдерінің авторы, үздік режиссурасы үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2002). «Ажыратушы» кинофильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Мәскеу қаласы, 1991) «ФИПРЕССИ» сыйлығының, «Көгершін бағушы…

4
6
1571

«Тіл сақтаушылық»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап» журналының беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған еді, бүгінгі материал Уалиолла Халелидің тіл мәселесі мен педагогика турасында. ТІЛ САҚТАУШЫЛЫҚ Дүниедегі һәмме халықтың рухы (жаны) өзінің ана тілі, сол себепті әр милләт (халық) алдыменен ана тілін жоғалтпаудың себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет сияқты нәрселер мал, дәулет арқасында сақтай алмайынша жұрттың іштен шыққан талапты, жау жүрек, халық үшін білімін, қаламын аямайтын ер көңілді жігіттердің қызметімен сақталады. Ондай халық адамы екі түрлі болады, біреуі шайырлардың, яғни өлеңші…

12
8
3542

Азамат Сатыбалды: «Жалғыздықты жақсы көремін»

СҰХБАТТЫҢ ЖАЛҒАСЫ (БАСЫ) — Қойылымдар жайлы сөйлессек. Мысалы, Роза Мұқанның «Мәңгілік бала бейне» қойылымы 17 жыл бойы сахнадан түспей келеді. Сол сияқты жаңа қойылымдар қазірде неге шықпайды? — Әрине, Роза Мұқанның «Мәңгілік бала бейнесі» өз кезеңінде сұранып тұрған қойылым болды. Семей полигоны, сол кездегі қиыншылықтар, қыздың тағдыры көрерменді алаңдатты. Өте жақсы қойылым. Мен қазір сонда ойнаймын. Студент кезімізде сол спектакльді көріп өстік. Бірақ қазір бұл қойылым біраз шаршап қалды, өйткені актерлер ауыса берген сайын, режиссердің түпкі мақсаты жұқара береді. Әр актер өзінше ойнап, кейін түсініксіз болып қалуы мүмкін. Дәл осындай қойылымдар шықпады деп айта алмаймын, өте жақсы қойылымдар көп, мысалы, Қайрат Сүгірбековтың «Махаббат дастаны». Қозы көрпеш - Баянсұлу туралы. Ол нон…

9
5
3327

Студенттер туралы кино тізімі

Бүгін Халықаралық Студенттер күні. 1946 жылы 17 қарашада Прага қаласында Халықаралық студенттер конгресі өткен болатын, чех студент-патриоттардың құрметіне (1939 жылы Чехословакиядағы оқиғаға байланысты) бұл датаны әлем студенттеріне арнаған еді. «Екпін» журналы өзінің студент оқырмандарын мерекелерімен құттықтап, студенттер мен студенттік өмірді суреттейтін кино тізімін ұсынып отыр. «Der Student von Prag»/«Прагалық студент» Режиссері: Стеллан Рийе, Пауль ВегенерЖанры: драма, фантастика, үрейліШыққан жылы: 1926 Сыншылардың пікірінше германиялық киносимволизимнің алғашқы туындысы болып табылатын «Прагалық студент» тұңғыш үрейлі киноның барлық шарттарына сәйкес түсірілген фильм. Фильмнің басты кейіпкері жоқшылықтан қиналып жүрген Балдуин есімді студент. Ол ақша тапшылығынан қиналып, бір күн…

10
0
2166

16-қараша — Халықаралық толеранттылық, мейірімділік күні

ЮНЕСКО-ның «Толеранттылық қағидаларының декларациясында» бір-бірімізді тұлға ретінде сыйлауымыз керек, әр адамның түр келбетіне, әлеуметтік жағдайына, құндылықтарына, жүріс-тұрысына қарамастан, ол өмірде өз индивидуалдығын сақтауы керек, Жерде бейбітшілік пен мейірбандық ортасында өмір сүруі керек жайлары айтылған екен. Осындай күндері ойымызға еріксіз көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандар есімізге түседі. Ал «кіжінуің көп, килігуің жоқ» дегендей, сөйлеп қана қоймай, іс жүзінде көмек көрсетіп жүрген адамдар бірен-саран. Солардың бірі, «Екпіннің» бүгінгі кейіпкері еліміздегі ең жас редактор — Қуаныш Кәрім. Ол бүгінде 22 жасқа енді келсе де, «Жан мейірі» атты қайырымдылық журнал ашып, қазірдің өзінде көптеген жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп жүр. Демалыс күнінде д…

5
7
2507

15 қараша — Қазақстан ұлттық валютасының күні

Бүгінгі датаға орай теңгеміздің тарихына шолу жасасақ... Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мұражайының негізін КСРО Мемлекеттік Банкінің Қазақ Республикалық кеңсесінің басқарушысы В.А. Бондаренко мен Банк жүйесінің даму тарихы кабинетінің меңгерушісі В.А.Бахарев қалаған. Мұражайдың 1997 жылдың 13 қарашасында болған ресми ашылуына ең бірінші болып келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мұражайдың құрметті қонақтарына арналған кітапқа»: Бүгінгі күні тек Республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық та мәні бар Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам жәдігер бар. Ал экспозицияға мыңнан астам әр түрлі жәдігерлер қойылған. Олар: алтын адамның макеті, банкноттар, монеталар, тарихи құжаттар, кәдесыйлар, алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың сыйлықтары,…

7
2
7857

Айдарбек Рысбек: «Өнердегі сабағым ешқашан тоқтамайды»

Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді: Біздің қазақ әнқұмар халық... Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады. Ән әуезінің майын тамызып, жүректен шыққан ой терімдерін сезімталдығы мен сезгіштігінің арасында құлағыңның құрышын қандыратын, қазақтың кең даласындай дауысымен сахна дейтін қасиетті биікке қадам басқан, адамдықтың ауласынан алыстамауды басты мақсаты санаған, атаның емес, адамның баласы болар, болашағынан зор үміт күттіретін жас әнші Айдарбек Рысбекпен бір үзік сыр. — Айдарбек, қазақ эстрадасындағы жанды дауыспен орындалатын, жыл әнін іріктеуші «Саз әлемі» бағдарламасына қатысып, бақ сын…

6
8
1342

Алматы көшелері: Абдолла Розыбакиев көшесі

Екпіннің «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдары апта сайын қала көшелері иеленген есімдердің сырын шертуді жалғастырады. Бүгін Қазақстанның партия, совет қайраткері, Қазақстан мен Түркістанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы және жалынды публицист Абдолла Ахметұлы Розыбакиев құрметіне берілген көшеге саяхаттаймыз. Абдолла Ахметұлы Розыбакиев 1897 жылы Алматы облысындағы қазіргі Еңбекші қазақ ауданындағы Киікбай ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан Елікақпар ағасының әңгімелерін тыңдап, Шығыс пен Ресей ақындарының өлеңдерімен сусындаған Абдолла ақылды, әрі зерек болып өседі. Жасы жеткенде әкесі Ахмет оны медресеге оқуға береді. Алайда Абдоллаға медреседе қызық болмайды. Сөйтіп ол ағасы Елікақпармен кетіп қалып, орыс мектебіне оқуға түсуді өтінеді. Алматы қаласына…

7
2
4452

Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар

Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет. Бірінші салатымыздың құрамында брокколи (broccoli) бар. Бұл өсімдіктің ағзаға не пайдасы бар? Брокколиде А, С, Е, В1, В2, РР дәрумендері мен минералды заттар (калий, кальций, темір, натрий, фосфор, магний, мырыш, марганец, йод, хром, бор) бар. Оған қоса, метионин, тиамин, фолий қышқылы, холин мен рибофлавин бар. Сонымен, брокколиден жасалған салат үшін бізге не қажет: - брокколи - қияр (бізде тұздалған) - сәбіз - жүгері (консервіден) - өсімдік майы Бірінші, сәбіз бен брокколиді суға салып пісіреміз. Қиярды турап аламыз. Сәбізді үккіштен өткізіп аламыз. Брокколиді турап аламыз. Май мен жүгеріні қосып, араластырамыз, қажет деп есеп…

6
4
8355

Азамат Сатыбалды: «Ұзаққа баратын өнер — театр өнері»

Бірде достарыммен қазақтың Брэд Питі кім болар деп талқылағанда, менің Азамат Сатыбалды дегенім бар. Оған Азаматтың азаматтық ажары, келісті сымбаты бір келсе, екінші жағынан Гамлет, Кебек, Қозы, Тибальт сияқты театр сахнасынан жүрекке дәл тиетін рөлдерінің баурайтыны тағы бар. Оның өз-өзіне деген сенімділігі, жарқын жүзі, әрқашан күлімдеп тұратын көздері актер болуға жаралған адам ретінде көрсетеді. Солай көптен бергі арманым Азамат Сатыбалдыдан сұхбат алуға ұйғарып, біраз «келіссөз» жүргізіп, М.Әуезов театрына келдім. «Қыз Мұңы» қойылымына бір сағат қалғанда актердің гримеркасында әңгіме-дүкен құрдық. Образға кіргеннен бе, әлде көңіл-күйі болмағаннан ба Азамат маған жаралы қасқыр образын елестетті. Ойлы көздері, байсалды үні оны лирикалық эпостан шыға келген батырға ұқсатып-ақ тұрды. Ал…