«Қазақ жастарына»
«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап», «Қазақ» басылымдары беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған, келесі материал Уалиолла Халелидің тіл мәселесі мен педагогика турасында, Ғұмар Қараштың халық бірлігі мен тіл, әдебиет мәселелеріне арналады. Бүгінгі Есенғали Қасаболатовтың мақаласы жастарды халық игілігі үшін еңбек етуге, өнер-білімге шақырады. ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА Басқа жұрттардың жастарына қарасақ, бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі пайдалы істер істеп, заманның төріне қарай бірінен-бірі қалмай, білімін асыруға тырысып жатыр. Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде…