Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл

2012 жылы 15 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының ардагері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толды. «Әзілхан – біздің республикамыздағы, үлкен одақ көлеміндегі жақсы танылған прозаиктеріміздің бірі. Әзілханның әрбір кітабы, баспадан шыққан әрбір сөзі – біздің халықтың көңіліне, жүрегіне қонып жатқан сөздер, ұялап қалған ойлар» Ғабит Мүсірепов Жақында сүйікті жазушымыздың шығармашылығына арналған интернет-парақша пайда болды. Парақшаның адресі. Әдеби онлайн-мекен туралы Әзілхан атаның немересі Әлия Нұршайықова былай дейді: «Атамыздың 90 жылдығының қарсаңында отбасымыз болып осы датаға әр қайсымыз өз үлесімізді қоса бастадық. Ата-анамыз «Махаббат, қызық мол жылдар»…

7
1
2062

1986 жылдың желтоқсаны куәгерлер көзімен

«Екпін» журналы атаулы датаға орай материалдар топтамасын ұсынады. Бірінші материалда журналист Қымбат Әбілдақызының берген естелігі болса, бүгінгі кейіпкерлеріміз Берікгүл мен Клара өз естеліктерімен бөлісуде. Берікгүл Әбдіқалықова, психолог: 1986 жылы мен Алматы қаласындағы кітап баспасында жұмыс істеп жүрген болатынмын. Ол кезде небары 20 жаста едім. Сол жылы желтоқсан айында басшылық жастар алаңға шыға бастағанын естіп, жұмыскерлерді сол жаққа милицияға көмектесетін жасақшылар ретінде жіберді. Басында шынымен де жастардікі дұрыс емес шығар деп алаңға шыққан болатынбыз. Алайда келгеннен кейін бәрін өз көзімізбен көріп, жастарды милиционерлердің тепкісіне бергіміз келмей, біз де соларға қосылып кеттік. 16 желтоқсанда кешке бәріміз жатақханаға келіп, барлығын жинап, алаңда болып жатқан ә…

9
3
2367

Қымбат Әбілдақызы: «Желтоқсандықтар арманының алдында қарыздармыз»

1986 жылдың желтоқсаны журналист Қымбат Әбілдақызының көзімен 1986 жыл деген бүгінгідей Тәуелсіздіктің рухы ар-намысымызда шынайы көрініс табатын уақыт емес еді. Біз өте саналы түрде жоғарыға бағынышты екендігімізді білетінбіз. Ол жоғары деген қазақтың тәуелсіздігіне, өзінің ұлтын сүю сезіміне қолдау көрсетпейтіндігі, қайта қысып ұстайтындығы ап-анық мәселе болатын. Сырттан сондай бір қысым болғандықтан елді сүю, туған Отаныңды сүю, халқыңның құндылықтарын құрметтеу, соған жан ашу сезімінің барлығы бір ұлтшылдық болып көрінетін. Кезінде бізге атеизмді оқытты, құдайдан қорықпайтын болдық, ішкі иманымыз бекем болған жоқ. Ол кезде «Мен қазақпын», «Менің ұлтым» деген дүниелерді біз бүгінгідей сезіммен айта алмайтынбыз. Сондықтан сол бір ішкі қыспақ адамның еркіндігіне, рух еркіндігіне қысым б…

12
2
3508

Айжанның видеоблогы: Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бүгінгі видеоблогымызды еліміздің ең маңызды күндерінің бірі — Тәуелсіздік күніне арнадық.

Бұл постта көретініңіз:

— Тәуелсіздік күніне қатысты тарихи аудитория

— Еліміздің халық жазушысы

— Патриот әншілердің құттықтаулары

— Барбыт аспабында шебер ойын

Пікірлеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыздар :)

kerbez_

оператор, монтаж: Ерлан Аменов

© Екпін

Астанада IT саласында жүрген қазақ жастарының республикалық форумы өтеді

Желтоқсан айының 22-23 күндері Астана қаласында қазақстандық аудиторияға, ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған форум өтеді. Шараның мақсаты - қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылармен өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету. Форум аясында «Ақпараттық қауіпсіздік», «Білім саласындағы интернет», «Бұлтты технологиялар», «Seo жетілдіру», «Ғаламтордағы аудармашы сайттар» сияқты тақырыптар көтеріліп, қазақ тілді интернет пайдаланушыларға арналған жаңа жобалар таныстырылады. Astana Internet Forum-ы туралы толығырақ шараның ұйымдастырушыларынан естісек... Садық Шерімбек «Мінбер» қоғамдық қоры, "Нұр Отан" ХДП-сы, «KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы, Астанадағы «ГеоГебра» институты ұйымдастыры…

7
6
1463

Mediablogkz атты конференция қалай өтті?

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған блогшы, журналист қауым блогосфераның проблемаларын талқылап, тәжірибесімен бөлісті. Ресейден келген мамандар болса, өз білгендерін ортаға салып, блогшылардың сұрақтарына жауап берді. Конференцияда азаматтық журналистика мен оның еліміздегі мысалдары, мультимедиалық контент, мемлекет және блогосфера мен онлайн-журналистика, қазақстандық контент тақырыптары талқыланды. Айдос @aidoseg - Алғашқы Орталық Азия блог-конференциясына еліміздің түкпір-түкпірінен келген достарыммен кездесіп, жаңа блогшылармен танысу үшін келдім. Түрлі тақырыптардағы талқылаулар, Ресейден келген арнайы қонақтарды тыңдау өте қызықты болды. Бір сөзбен айтқанда, бұл конференцияға келгеніме өте қуаныштымын. Рысгүл @Zevsko - Конференцияда өте актуальды проблемалар…

«WiFi-25»: Біз жасандылықтан қашамыз

Соңғы айларда қазақ интернетін шулатқан бір видеожоба пайда болды. Бірі оларға тамсанып, көкке көтерсе, екіншілері сынап, жерге түсірді. Көңілді төрт жігіттен құралған тек қазақстандық интернет роликтерге шолу жасайтын «WiFi-25» интернет шоуы туралы құрушылардың өздерінен білуге тырыстық. Екпіннің бүгінгі қонақтары: Нұрмахан Мұханұлы, Нұржан Еркінұлы, Әбіл Есентай және Махамбет Бейбітшілікпен болған әңгімені алдарыңызға ұсынамыз. — Сәлем, жігіттер! Алдымен қояр сұрағым: неліктен «WiFi-25»? Нұржан: — Біріншіден, интернет жоба болғандықтан, уай-фай сөзін алдық. Нұрмахан: — 25 жастамыз Нұржан: — Иә, бәріміздің жасымыз сол 25-тің о жақ, бұ жағында. Әбіл: — Олардыкі о жағында, біздікі бұ жағында. Нұржан: — Ай-хай 25 бар ғой Тоқтар Серіковтердің, солай болайық деп, бірақ домбыра тарта алмағанна…

8
8
1685

«Жылы өлке»

6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Мемлекеттік орталық мұражайда Қазақстан мен Орта Азияның белгілі суретшілерінің туындылары жинақталған «Жылы өлке» атты көрме ашылды. Көрменің басты мақсаты Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты бұрынғы біртұтас социалистік мемлекеттердің ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы реалист-суретшілерінің біртума туындыларымен таныстыру. Көрмеден қазіргі отандық бейнелеу өнерінің берік іргетасын қалап, қазақ тарихын, мәдениетін және дәстүрін бейнелеуде өнегелі жол көрсеткен Ж.Шарденов, К.Шаяхметов, А.Черкасский, Н.Нұрмұхамедов, М.Кенебаев, А.Исмаилов, Б.Табиев сынды тұлғалардан бастап, Өзбекстан мен Қырғызстанның халық суретшілері А.Перов, К.Керімбеков, А.Осмонов сынды суретшіл…

3
2
2537

Кезекті видео-блог: қазақ жастары мен тәуелсіздік

Достар, сіздердің назарларыңызға біздің кезекті видео-блогымызды ұсынып отырмыз. Осы жолы тек өзіміз сөйлемей, басқа адамдардың пікірлерін білуге тырыстық. Сонымен қазақ жастары өз замандастары жайлы не ойлайтынын білу үшін видеоны бірге тамашалайық.

Видеодан білетіндеріңіз:

- жастар мен әлеуметтік желілер

- жастардың спортқа қызығушылығы

- Нұрлан Сыдықов, Руслан Желдібай үшін тәуелсіздік дегеніміз не

- Бақытжан Бұхарбаевтың ойынша жастарға не жетіспейді және т.б.

оператор, монтаж: Ерлан Аменов

© Екпін

Алматы көшелері: Досмұхамедов көшесі

Досмұхамедов көшесі Байтұрсынов пен Шәріпов көшелерінің арасында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев көшесінен Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Көше Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Қабанбай батыр, Жамбыл көшелерін қиып өтеді. Бұрын Степная деп аталған Досмұхамедов көшесі 1995 жылға дейін Мичурин көшесі деп аталып келген. Көп бөлігі дұнған ауылдарынан өткен бұл көше ХІХ ғасырдың соңында пайда болған. Бұл көшеде кезінде саз балшықтан және саманнан тұрғызылған үйлер, дүңгіршектер, шеберханалар және қонақ үйлер болған. Көшенің бойында көбіне көлік-арба тасымалымен, кішігірім сауда-саттықпен, ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеумен, кірпіш жасаумен айналысатын дұнғандар тұрған. Кейіннен қазіргі Досмұхамедов көшесі қайта құрылып, заманауи көп қабатты ғимараттар салына ба…

8
3
4181