Жексенбілік аспаздық: үй торты
Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу жолы қиын болғандықтан батылым жетер емес. Содан бір күні «Наполеонға» ұқсайтын, бірақ жасалу жолы оңай торт жасаудың әдісін ойлап, асханаға келдім. Сөйтіп торт жасауға арналған заттарды алып, торттың қамырын дайындадым. — Май — 100 гр. — Қант — 1 стақан — Бал — 2 ас қасық — Жұмыртқа — 2 дана — Ұн — 400 гр. — Сода Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз. Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз. Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз. Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз. Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз. Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тес…
