Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында

Наурыз мейрамының жуықтауы тақырыпты Март келді. Табиғат қыстан шығады. Ызғарлы суық бәсеңдейді. Әуеге бір орташылық, жанға бір кеңдік келеді. Күншығыс халқының сүйкімді жанын майдалығымен сипаған әдемі күндер, жан-жануар, шөптерге жан беретін ауа мен сәулелер һәм нұрлар келеді. Күншығыс мұсылмандарының, әсіресе, Кавказ арты мұсылмандарының ардақты игі мейрамы наурыз жуықтады. Наурыз. Атынан да белгілі жаңа күн. Бірақ бұл марттың тоғызы біз үшін шынымен жаңа күн болып жетер ме? Қорқынышты соғыстың қанды уақиғалары, ұлт арпалысуының жексұрын кейістері табиғаттың ең әдемі бір күнін мейрамға арнаған біздің әлемге де аз бәле, аз қайғы келтірген жоқ. Сорлы діндестеріміздің, шабылған бауырларымыздың Кәріс һәм Ардаһан тауларында көрген кейістік бейнеткері, әттең олардың көрген кейістік бейнеттер…

7
4
1547

Иллюзия әлемінде жүрген Жеңіс

Менің есімім Жеңіс. Мен иллюзионистпін. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кішігірім Кентау қаласында дүниеге келгенмін. 15 жылдай отбасыммен Алматы қаласында тұрып келеміз. Иллюзия жанрына кішкентайымнан қызығамын. Әрине, оның оянуына бірден-бір әсер еткен тұлға — иллюзионист Дэвид Копперфильд. Кішкентайымда оның өнеріне қызығып, бірнеше фокусты үйрендім. Оның бірін біреу үйретсе, біреуін бір жерден көріп алдым. Барлығын бірден жаттап алып, отбасыма, достарыма қайта-қайта көрсете беретіндігім әлі есімде. Негізгі мамандығым қаржыгер. Қазір магистратурада оқимын. «Мен не үшін иллюзиямен айналысамын?» дейсіз бе. Шынымды айтсам, бұл мамандық па, жоқ па, онысын әлі шешкен жоқпын. Бірақ қазіргі уақытта басымнан өтіп, айналамда болып жатқан магия, сиқыр маған өте ұнайды. Қазіргі уақытта бұл ісімді…

6
2
4021

«...Ғасырмен тең қасіретті бір күнім»

Биылғы жылдың ақпан айында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, жазушы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иранбек Оразбаевтың (Иран-Ғайып) «Фатима» атты қасірет-намасының тұсаукесері өтті. Шығармада ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің жары Фатима Ғабитованың ғұмыры баяндалады. Ол аштықты, қанды репрессияны, революцияны, Ұлы Отан соғысын бастан кешірген. Осылайша жалпы қазақтың басынан өткен сұрапыл кезеңдер бір ананың тағдыры арқылы бейнеленеді. Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіровтен айырылатын сәттері, кейін үшінші жары Мұхтар Әуезовпен кездесетін кезі көпшілікті бей-жай қалдырмайды. Шығармашылық топтың пайымынша, туынды тәрбиеге бай. Өйткені, бүгінгі аласапыран уақытта туған баласын өзекке теуіп, қиындыққа шыдамай шаңырағын шайқайтын ұл-қыздарымыз…

3
0
1872

Отандық саундтрекші - Шамис Хасенов

Бүгінде түрлі саладағы жаңа адамдармен танысу аса қиындық тудырмайды. Әлеуметтік желілерге тіркелсең болғаны. Осылайша саундтректерді ерекше жақсы көретін мен ғаламтор шырмауында кездейсоқ «Love with Siren», «Take off» атты әсем әуендерге тап болдым. Осы туындылардың авторы Шамис Хасенов деген отандасымыз екендігін білгенде бұл дарынды жігітпен кездеспей қалуымды «Екпін» оқырмандары кешірмес деп, келесі күні Шамис екеуіміз Алматы кофеханаларының бірінде әңгіме-дүкен құрдық. Сол әңгімеміздің бір бөлігін алдарыңызға ұсынып отырмыз. — Шамис, танысқанымызға қуаныштымын. Музыкамен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз? — Бала кезімнен. Бірақ музыкалық білімім жоқ. Кішкентай кезімде үйде әкем ойнайтын пианино тұратын. Әкем ойнап жатқан кезінде қасына тұрып алып бақылауды ұнатушы едім. Әкем үйде б…

6
0
1742

Денсаулыққа қатысты 9 күмәнді дерек

Бұл материалда «ыстық шайдан өңеш обыры пайда болады», «жүкті әйелдерге аяғын айқастырып отыруға болмайды», «өтпе жел тұмау шақырады» деген сынды денсаулыққа байланысты біраз таласты мәселелердің қаншалықты шындыққа жанасатындығы туралы сөз етіледі. Өтпе жел тұмау шақырады Өтпе желге әр ел әр түрлі қарайды. Мысалы, еуропа елдерінің көбі бөлменің есігі мен терезесін бір уақытта ашып қойса, тұмау өзін күттіртпей келетіндігін айтса, американдықтар керісінше пәтерде аздап жел болғандығын дұрыс көреді екен. Негізінен «тұмау жайдан-жай» болмайтындығын түсінуіміз қажет. Әрбір тұмаудың, не тамақ ауруының бір ғана себебі бар — вирус. Жай ғана самал желдің өзі бір адамнан екінші адамға микроорганизмдерді белсенді тасымалдайды, яғни өтпе жел вирустың ауа жолымен таралуына бірден-бір себепкер. Сондай…

7
3
21632

Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.

Наурыз айының алтыншы жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында көрнекті композитор, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр әуені» атты көрме ашылды. Көрмеде Мұқан Төлебаевтың өмірі туралы кітаптар, фотометериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен сыйлықтар, оның ішінде Сталин сыйлығының лауреат белгісі қойылған. Мұқан Төлебаевтың роялі Мұқан Төлебаевтың креслосы Жоғарыда тұрған «Мұқан Төлебаев портретінің» авторы О.Д.Кужеленко Композитордың шығармашылығын зерттеуші профессор Н.С.Кетегенова: — Мен Мұқанның шығармашылығын елуінші жылдардан бері зерттеп келемін. Қарап отырсам, музыкант, композитор болмаса, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ыбырай, Ақан сері сынды ақынның бірі болар еді. Мұқанның…

5
1
8253

Опера жұлдызы, бақытты ана, сүйікті жар

Әйелдердің күні дейді бұл күнді, Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды. Еркек түгел еркелерге берем деп, Қолдарына ұстап апты бір гүлді. Ұмытылмай сонау жастық кездегі Айтылады махаббаттың сөздері. Гүлді ерекше ұнатады әйелдер, Гүлдерге ұқсап тұрғаннан соң өздері. Т.Молдағалиев Көктемнің алғашқы әдемі де нәзік мерекесі — әйелдер мерекесімен барша ару қыз-келіншек оқырмандарымызды құттықтаймыз! Сіздерге арнап мерекелік пост ретінде бүкіл әлемге өзін мойындата білген қазақ әйелі — Майра Мұхамедқызымен болған әңгімемізді жариялап отырмыз. Еуропа сахнасында Майра Керей сопрано дауысымен танылған жетекші әрі беделді опера әншісі, Франциядағы атақты Гранд-опера театрында жұмыс істеген, бүкіләлемдік опера жұлдыздары тенор Роберто Аланья, Марселло Альварез қатарлас әншілермен бірге ән салған, ал The…

7
7
2964

Алматы көшелері: Сырбай Мәуленов

Мәуленов көшесі Жетісу және Алмалы аудандарында орналасқан. Ол қаланы солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев, Гоголь, Қабанбай батыр, Шевченко, Құрманғазы көшелерін қиып өтіп, Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Негізі көше ХІХ ғасырдың соңында пайда болған. Бұрынғы атаулары: Солдат, Интернационал. Көшенің ұзындығы 2850 метр. Ақын Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ақын өзінің балалық шағы туралы бір естеліктерінде: «Менің кіндік қаным тамып, кең дүниеге көзімді ашып қараған жерім Қызылжыңғыл да, нәресте ойым да бала қиялым тербеген бесігім, табиғаттың таза ауасын, жазық даласын, өзен суын алдыма тосқан, алғаш маған өмір есігін ашқан, білім босағасын аттаттырған, бүкіл жаратылысымен қаныма…

2
1
7156

Айсұлудың сурет әлемі

Астаналық Айсұлу Сапарова қазір 22 жаста, мамандығы заңгер. Мамандығы бойынша жұмыс жасаумен қатар, бос уақытында сурет салады. Әлеуметтік желілерден Айсұлу суреттеріне кезіккен біз жас таланттан сұхбат алуды жөн көрдік. Кішкентайымнан сурет салумен әуестенемін. Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам. Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, ме…

Ә.Бөкейхан: Дін таласы

Бүгін, яғни 5 наурыз күні қазақтың тұңғыш үкімет басшысы болған Әлихан Бөкейханның туған күні. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 147 жылдың жүзі толып отыр. Айдарымыздың бүгінгі материалында Ә.Бөкейханның шығармасын ұсынамыз. ДІН ТАЛАСЫ (Сурат кофеханасы) Һинд жерінде, Сурат қаласында кофехана бар еді. Сонда талай жерден, талай елден адамдар кез болып ұшырасатын еді. Бір күні сол кофеханаға Иранның бір ғалымы кірді. Бұл ғалым тәңірінің тәңірлігін анық танып білемін деп көп әуре болған адам еді. Осы турасында көп оқып, өзі де көп жазған еді. Көп оқып, көп жазып, көй ойлап, ақылы ауысып, ойы шатасып, ақырында Құдайға тіпті илануды қойған. Мұнысын Иран патшасы біліп, қол астында тұрғызбай, қуып жіберген. Сорлы ғалым тәңірліктің түбіне жетемін деп, ойлай-ойлай, өзінің миы ашығанын сезбей, барша…

9
6
5170