Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты

Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер. Ол үшін бізге: Бисквитке - 350 г. қоюлатылған сүт - 2 жұмыртқа - 125 г. ұн - 25 г. какао - 1 ш.қ. сода Кремге - 500 мл. сүт - 150 г. қант - 1 жұмыртқа - 70 г. ұн - 25 г. какао Глазурь үшін - 150 г шоколад - 35 %-дық 75 мл қою сүт (сливки) керек. Бірден пешімізді 180 С қыздырып қоюға болады. Алдымен жұмыртқаны үлпілдеген ақ көпіршік болғанға дейін миксермен араластырамыз. Оның үстіне қоюлатылған сүт (сгущенка) мен соданы қосамыз. Дұрыс мөлшерленген ұн мен кокаоны қосамыз да, араластырамыз (миксермен емес). Енді қоспаны алдын ала асты майланған орташа табаға құйып, пешке 25 минутқа салып қоямыз. Бұл аралықта кремнің мәселесін шешейік. Ол үшін бірінші жұмыртқаны миксерлеп, оған қант, сүт, ұн қосамыз…

6
4
5139

Алматы көшелері: Мағазы Масанчи

Бүгін «Екпіннің» «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдарында Орта Азия мен Қазақстандағы азамат соғысының батыры, Алматы қаласының тумасы Мағазы Масанчидің құрметіне аталған көше. Мағазы Масанчи көшесі Байтұрсынов және Амангелді көшелерінің аралығында орналасқан. Қаланың солтүстігінен оңтүстігіне қарай Мақатаев көшесінен басталып, Сәтпаев көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Жібек жолы, Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерін және Абай даңғылын қиып өтеді. Бұрынғы атауы «Дүнген» көшесі. Кезінде бұл көшенің бойында Шығыс Түркістаннан көшіп келген дүнгендер қоныстанған. Олар бау-бақша өсірумен, кірпіш құюмен, жүк тасмалдаумен, ұсақ сауда жасау кәсіптерімен шұғылданған. Қазіргі уақытта Масанчи көшесінің бойында к…

4
5
4217

«Қазақ» газеті: «Соғыс һәм қымыз мәселесі»

Соғыс һәм қымыз мәселесі Соғысқа қазақ үйі қолайлы болған соң, киіз үй алынды. Соғысқа қазақ аты төзімді болған соң, қазақы аттар алынды. Соғысқа қазақтың қымызы да керек болатын көрінеді. Соғысқа қымыздың не керегі барлығын «Р.Б.» газетасында М.К. деген біреу былай жазады: Біздің Россияда көкірек аурулылар қай кезде де болса көп еді, енді соғыс уақытында, соғыстан кейінгі кезде де көкірек аурулылар бұрынғысынан көбейеді. Соғыстан қайтқан әскерлердің арасында көкірек аурулылар көп болатыны шүбәсіз. Көкірек ауруға қарсы қам қылу үшін соңғы кезде бүкіл Россиялық көкірек ауруымен алысатын қауым деген ашылды. Бірақ ол қауым ісіне қалалар, земстволар кіріспесе, халық арасына тамыр жайып тарала қоятын емес. Халыққа тарап тамыр жайған соң онан пайда аз болып тұр. Жайшылықта бұл іске көңіл қойып…

3
0
4535

Сатирик Мартбек Тоқмырзаны еске алу

1 сәуір — күлкі күні. Бұл күн еліміздің талантты журналисі, сатиригі Мартбек Тоқмырза үшін ерекше күн болатын. Өмірінің соңғы жылдарында Мартбек Тоқмырза шәкірт тәрбиелеп, шеберлік сабақтарында бар тәжірибесімен бөлісетін. Бүгінгі материалда Мартбек аға шәкірттерінің естеліктерін жариялауды жөн көріп отырмыз. Айым Сәдуақасова: Мартбек ағаймен ең алғаш танысқан күніміз әлі есімізде. ҚарМУ-дің журналистика бөлімінің 1 курс студенттері. Студенттер үзіліс кезінде у-шу боп аудиторияда алысып жүрген едік. Аудиторияда жаңадан орнатылған жап-жасыл тақта ілініп тұрған. Бір кезде қалай болғанын аңғармай да қалыппыз, ілулі тұрған тақта қабырғадан түсіп қалды. Айналамыз бұрқыраған әппақ шаң. Енді не істейміз дегенше үзіліс те аяқталды. Сөйттік те әрқайсымыз өз орнымызға жайғастық. Аудиториядағы шаң б…

5
0
2658

Шетелде ғылыми тәжірибеден өту: University of L'Aquila

Ақбота Жеңісқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі химия факультетінің бакалавр және магистр дәрежесін меңгерген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің химия кафедрасы доценті, химия ғылымдарының кандидаты. ЮНЕСКО грантымен 2011 жылдың қазан айынан 2012 жылдың қазан айы аралығында Италияның Л’Акуила қаласындағы Л’Акуила университетінің химиялық инженерия факультетінде ғылыми тәжірибеден өтіп келген. — Сәламатсыз ба, Ақбота. Алдымен өзіңіздің мамандығыңыз жайында біраз айтып берсеңіз... — Мен оқушылардың көпшілігі ұната бермейтін химия саласының маманымын. Менің химик болуыма сонау шалғайдағы Семей өңіріндегі бұрынғы Ақсуат ауданына қарасты Кіндікті ауылындағы Ғ.Мұратбаев мектебіндегі химия пәнінен сабақ берген сүйікті ұстазым Мырзаханова Тыныштық Мыр…

Адам көркі — шүберек #3: Жания Оразымбетова

NU-да Политология мен халықаралық қатынастар факультетінде оқу әрі fashion қойылымдар мен фотосессия, сұлулық байқауларына қатысу? Өте оңай! Біздің сән айдарымыздың бүгінгі кейіпкері 20 жасар Жания өзінің жеңіл де үйлесімді стилінен айнымай, күн сайын әлеуметтік желілерде түрлі образдарымен қуантады. Сонымен қатар, мектепте үздік оқушы, «Алтын белгі» атанған Жания болашақта өзін министр ретінде елестетеді. Мен кішкентайымнан математикаға емес, гуманитарияға жақын бала болатынмын. Сондай-ақ көптеген туыстарым осы салада жүргендіктен, саясаттануға ерте кезімнен қызықтым. NU-дағы оқу барысында қосымша Әдебиет курстарына да қатысып, оны жүргізген мұғалім Гэбриел Макгуайердың лекциялары ұнағаны соншалық, екінші мамандық ретінде Әдебиетті алғым келіп кетті. Ол, әрине, өте қиын, оны уақыт көрсет…

8
9
4019

Бүгін театр күні

«Екпін» журналы Халықаралық театр күніне орай Алматы мен Астана қалаларының мәдени репертуарымен бөлісуді жөн көрді. Отандық театр өмірімен бірге таныс болайық. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры: «Гамлет», трагедия, У.Шекспир, ауд. Хамит Ерғалиев Гамлет — ақылды, тез тұтанғыш және жақсылығы қатар жүретін жас жігіт. Бітімі мен қимылы неткен дара? Оның ойы неткен ізгі, қабілеті неткен шексіз? Әкесінің оқыс өлімі, шешесінің асығыстықпен екінші рет тұрмысқа шығуы секілді бірінен кейін бірі жалғасқан оқиғалар оны одан сайын ширықтырады. «Дүниенің көркі, күллі тіршіліктің мұрағаты ғой, адам,» — дейтін Гамлет үшін өмір неге соншалықты құнсызданды? Болу ма, жоқ бордай тозу ма? Оның осы қанатты сөзінің мағынасы бүгінге де қатысты. Жалпы адамзатқа ортақ уайым. 28 наурыз,…

6
0
3021

Алматыны не үшін жақсы көреміз?

Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық. Алғашқы материалымыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен басталады. Таулары үшін: Алмарасаннан сәл көтерілгендегі көрініс Таңы үшін: таң енді ғана атып келе жатқандағы тыныштық пен нәзіктік Түнгі өмірі үшін: қай лаундж, кафеге бармасаң да, әйтеуір бір таныстарыңды кездестіресің Кішкентай сүйкімді кофеханалары үшін Әдемі, сәнді, еркін жастары үшін «Ақ сарай» театры үшін Ұлттық кітапхананың бай мұрағаты үшін Арзан таксиі үшін Ең күшті балериналары үшін Еш қай жерде болмайтын Джаззистаны үшін Қыста сноуборд, коньки, шаңғы теуіп жүрген белсенді тұрғындары үшін Ең бай букинист дүкендері үшін Динамо стадионында жүгіріп жүрген әжелер мен аталары…

Мерекелік видеоблог: Наурыз мерекесіне дайындығыңыз қандай?

Сәлем, достар! Жаңа жылымыз, Наурыз мерекесі құтты болсын!

Біздің мерекелік видеоблогымызда сіздер бүгінде Ұлыс күніне дайындық қалай жүретінін білесіздер:) Бұл видеода біз:

- мерекелік киім дайындаймыз

- ұлттық тәтті тағам - балқаймақ қайнатамыз

- дәстүрлі ән мен терме шырқаймыз

- және әрине мерекелік құттықтаулар мен бата аламыз!

Достар, тамашалағандарыңызға рахмет! Лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!:)

8
8
748

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар

НАУРЫЗ Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа…

2
3
10555