«Би — менің кәсібім, наным, өмірім»
29 сәуір — Халықаралық Би Күні Бұл дата француздық балетмейстер, теоретик пен балет өнерінің үлкен реформаторы Жан-Жорж Новеррдің туған күні құрметіне дүниеге келді. 1727-1810 ж.ж. өмір сүрген Новеррдің есімі тарихта «заманауи балеттің әкесі» ретінде қалған. Түрлі жанрлардағы бишілердің кәсіби мерекесінде біз әрине қазақ бишілерін сырт айналып кете алмадық. Алдарыңызға Мемлекеттік академиялық би театрының әртісі, биші әрі соңғы кезде музыкант ретінде танылып жүрген 21 жасар Ильзат Аухадиевтен алған сұхбатымызды ұсынамыз. — Сәлем, Ильзат! Кәсіби мерекең құтты болсын! Биге қанша жасыңнан бастап әуестене бастадың? — 8 жасымнан. Алдымен, анам мені мектебімнің жанындағы би үйірмесіне берді. Маған ол жер өте ұнап, 9 жасымда өз қалауыммен А.В. Селезнев атындағы хореографиялық училищеге сұрандым.…

