Шетелдік сериалдардың рейтингісін бұзған бұл қандай сериал?!
«Масқара... абыройдан жұрдай болғанша өлгені артық, жолдан бала тауып… ата салтын бұзды… Шыда!.. Үндеме!.. Өзің кінәлісің… Жұрт не дейді?! Сендей қызымыздың болғанынан болмағаны артық еді!.. Жоғалт көзіңді… Ауылдан да кет… Жоғал!» «Анашым, мені қалдырма» телехикаясында қозғалған тақырып – осы. «Баласын – бауыр етім» деп білген ата-бабамыз қай кезде де жетімін жылатпаған, ал жесірін еш қаңғыртпаған. Жесір әйелді үйлене алмай жүрген азаматқа қосып, жетім баланы әкелі етіп қоғамның кем тұстарын толтырып отырған. Жалпы дінімізде некесіз қосылуды рұқсат етпейді. Сондықтан да әйел адамды аса құрметтеуді, оны теріс жолға итермелемеуді ер азаматтарға міндеттеген. Бірақ сол ер жүрек халықтың еліктегіш ұрпағы өзінің дархан пейілін жоғалтып алғандай. Тар құрсағын кеңітіп, тоғыз ай, тоғыз күн көтер…