Қазақстан мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ келісімін бақылаушы мәртебесіне иеленді
ДСҰ мемлекеттік сатып алу Комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының ресми өтінімі мұндай мәртебе алуға мақұлданды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Отырыс (Швейцария) Женева қаласында өтуде. ДСҰ комитетінің отырысында Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев сөз сөйледі. Елімізді Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директрі Сәбит Ахметов, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері ұсынады. ДСҰ-ның келісімі бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан бақылаушы мәртебесін алу Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезіндегі міндеттемелердін бірі болып табылады, - деп түсіндірді Руслан Бекетаев. Қа…