ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстан мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ келісімін бақылаушы мәртебесіне иеленді

ДСҰ мемлекеттік сатып алу Комитетінің кезекті отырысы аясында бірауыздан дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының ресми өтінімі мұндай мәртебе алуға мақұлданды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс (Швейцария) Женева қаласында өтуде. ДСҰ комитетінің отырысында Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев сөз сөйледі. Елімізді Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директрі Сәбит Ахметов, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері ұсынады.

ДСҰ-ның келісімі бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан бақылаушы мәртебесін алу Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезіндегі міндеттемелердін бірі болып табылады, - деп түсіндірді Руслан Бекетаев. Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі халықаралық озық стандарттарға сәйкестігнің айқын дәлелі болып табылады.

Женева қаласындағы сапар шеңберінде ДСҰ бас диреторының орынбасары Сяньжун Йи және мемлекеттік сатып алу бойынша ДСҰ комитетінің төрағасы Джон Ньхамом және оның орынбасары Роб Андерсон мен келіссөздер жүргізілді. 2016 жылдың 7 – 8 қарашасында Астанада Ұлттық семинар өткізу туралы тараптар келісімшілікке қол жеткізді. Семинар барысында ДСҰ сарапшылары мемлекеттік органдарға, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне ДСҰ талаптарын түсіндіретін болады.

Сондай-ақ Қазақстандық делегация Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен жұмыс барысында қатысты, нәтижесінде Қазақстандық мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ЕҚДБ өкілдерімен бағалау бойынша келісімшілікке қол жеткізілді.

Комитетін отырыс барысында Қазақстан бақылаушы мәртебесін алуға қатысты АҚШ-тың, Еуропа одағының, ҚХР, Тәжікістан өкілдері құтықтау сөз сөйледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz