Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылғы 9 ай ішінде 0,4%-ға өсті
2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлғайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады. «Инфляция жыл басынан бері - 5,6%-ды, жылдық көріністе 16,6%-ды құрады. Айлық инфляциялар ағымдағы жылғы қыркүйекте және тамызда 0,2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляциялық процестердің бәсеңдеуі аясында ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ақпандағы 17%-дан қазан айының басындағы 12,5%-ға дейін біртіндеп төмендетті», - деп мәлімдеді министр. Осылайша, 2016 жылғы 9 ай ішінде ЖІӨ өсімі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ды құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісі 0,4%-ға ұлға…