Қазақстан еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құрмақ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация «Ляньюньган қаласындағы (ҚХР) «Жаңа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» атты халықаралық форумына қатысты. Форум барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы сөз сөйледі. Ляньюньганды «Жаңа Еуразиялық құрлық көпірінің шығыс қақпасы, Жібек жолының құрлық пен теңіздегі түйісетін тұсы» деп атаған ол «Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының зор маңызы барлығына тоқталды. Қ. Алпысбаевтың айтуынша,порттың қолайлы географиялық орналасуы, Қытайдың қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз коммуникациялық сабақтастығы Қазақстанмен ықпалдасуына және өңірдегі елдердің халықаралық логистикалық тізбекке қосылуына ықпал етеді. Жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекетаралық «Бір белдеу-…