Н.Назарбаев: Сербия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі
Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі, Кездесуде Мемлекет басшысының Сербияға биылғы тамыздағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Сербия біздің республиканың Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналатынын және экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін жеткілікті әлеуеттің бар екенін атап өтті. «Қазақстанда Сербияның 24 кәсіпорны тіркелген, алайда оның қазір тек 15-і жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, Сербия бизнесінің Қазақстанда табысты жұмыс жүргізіп отырғанының көрсеткіші ретінде метрополитен, кеңселер және банк ғимараттары құрылысына атсалысып отырған компанияны атап айтуға болады. Ең алдымен экономикалық ынтымақтастықты…