Қазақстан Республикасы мен Непал арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды
Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы мен Непалдың Тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Дурга Прасад Бхаттарай екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлады СІМ. Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасып, Біріккен Ұлттар Ұйымы күн тәртібіндегі екі жаққа да маңызды мәселелер талқыланды. Соның ішінде, теңізге шығуға жолы жоқ, тұрақты дамудың мақсаттарын құрастыру, климаттың өзгеруі мәселесі және т.б. Тараптар өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздығына, әсіресе туризм, сауда, мәдениет және білім беру салаларын кеңейтуге көніл аударды. Елдердің қауіп-қатерлерді азайту және апаттарда жәрдемдесу саласында, соның ішінде Алматыдағы Гуманитарлық көмек пе…