Ж.Айтжанова: Қазақстан нарыққа тауарларды жеткізуге байланысты ДСҰ-ға мүше 30 елдің өкілімен келіссөз жүргізді
Қазақстан нарыққа тауарларды жеткізуге байланысты ДСҰ-ға мүше 30 елдің өкілімен, ал нарыққа қызметтердің қолжетімділігіне қатысты халықаралық ұйымның 15 мүшесімен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова ОКҚ-де.
Келіссөздер негізгі 4 бағыт бойынша жүрді.
Ауыл шаруашылығын қолдау. Келіссөз ДСҰ-ға мүше 50-ден астам елмен жасалды.
Жүйелеу жұмыстары, оның аясында Қазақстан экономикалық саясат бойынша нақты міндеттемелер
«Өздеріңізге белгілі, 22 маусым күні Женевада Қазақстанның дСҰ-ға енуі бойынша соңғы отырыс болды. Сол кезде келіссөздердің аяқталуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бұл келіссөз ұзаққа созылғанын білесіздер. Біздің ірі серіктестеріміздің және ДСҰ хатшылығының пікірінше, бұл келіссөздер ДСҰ құрылғалы, яғни 1995 жылдан бергі ең күрделі келіссөздер болып есептеледі», - деді Ж.Айтжанова.
Министрдің айтуынша, Қазақстан бір мезетте Кедендік одақ құрамында болып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық экономикалық одаққа кіруі күрделілік танытты.
«Біз өз бетімізбен Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша егемен келіссөздер жасадық. Мәселен, біздің жұмыс баяндамасында ДСҰ-ға кірудегі біздің міндеттердің барлығы көрсетілген, 38 бөлім, ол валюталық саясаттан бастап жеке меншік мүлікке дейінгі араны қамтыды. 36 бөлімнің 14-і Еуразиялық экономикалық одаққа жіберілді», - деді ол.
Нарыққа қызметтердің кіргізілуіне байланысты екіжақты келіссөздер.
Нарыққа тауарлардың кіргізілуіне байланысты келіссөздер.
«Тауарлардың нарыққа жеткізілуіне байланысты біз ДСҰ-ға мүше 30 елмен, сонымен қатар, Еуропалық одақтың 28 мемлекетімен келіссөз жүргіздік. Нарыққа қызметтердің тиімділігі бойынша, халықаралық ұйымға мүше 15 мемлекетпен келістік»,-деді министр.
Ж.Айтжанова айтып өткендей, өндірістік мәселелер бойынша келіссөздердің қорытындысы Мемлекет басшысымен 22 маусым күні халық алдында айтылған үндеуінде тілге тиек болды. Біз өндірістік саланы қолдаудан бас тартпаймыз, алайда ДСҰ нормаларына сәйкес келмейтін кейбір шаралар сәйкестендірілетін болады».
Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін сезімтал мәселелер боды. «Ол өндірістік кәсіпорындарды қолдау, арнайы экономикалық аймақтар, машина жасау салалары бойынша қоймаларды қолдау сынды шаралар», - деді ол.
