Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М.Мамытбеков: ДСҰ-ға ену ауыл шаруашылығы саласына оң көрсеткіш береді

ДСҰ-ға ену ауыл шаруашылығы саласына оң көрсеткіш береді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков.

«ДСҰ – жеделдетілген бәсекелестік. Жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдер. Импортшылардың көбеюі. Біз келіссөздерді жүргізе отырып, оларды жүзеге асыруымыз қажет.Бұған қоса, «жасыл себет» шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемдерін еш шектеулерсіз көрсетуге болады. Атап айтқанда: ғылым, консалтинг, ветеринария, фитосанитария, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру және өнім құнына әсер етпейтін шаралар қысқартылмайды. Біздің міндетіміз қажетті көлемде толыққанды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін жоғарлату мақсатында оларды тиімді пайдалану», - деді ол.

«Бұдан басқа,  Қазақстанның экспорттық субсидияларды қолданбау бойынша міндеттемелер, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі, саланы диверсификациялау бойынша жұмыстарды жалғастыру, кооперацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын қосымша нарықтарды іздеу айтылды. Сондай-ақ, импорттық кеден құнының төмендетуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау, халықтың табыс деңгейін жоғарлату мәселесін қайта қарастыруды жүйелі түрде қамтамасыз ету, тұтыну мәдениетін дамыту және техникалық регламенттердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.Сондай-ақ, СФС шаралары аясында қол жеткізілген келісімдер жайлы айтылды. Атап айтқанда, ЕЭО талаптары болмаған жағдайда халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын, стандарттарды қолдану», - деді А.Мамытбеков.

«ДСҰ ережесіне сай бұл 8,5% екі рет көрсетілуі мүмкін:Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5% тең сомалы өнімге қоспағанда (мысалға: пайыздық үстем ақыны арзандату, суға, ЖЖМ субсидиялар);  Осы өнімнің жалпы құнынан 8,5% тең сомалы нақты өнімді қосқанда (сүт, ет, бидай жалпы өнімінен 8,5%).Ақшалай эквивалентте бұл шамамен 2,1 млрд. АҚШ долларын құрамақ, оның ішінде 1,2 млрд. АҚШ доллары есебісіз және 0,9 млрд. АҚШ доллары нақты өнім есебімен», - деді АШМ басшысы.

Бұған қоса, «жасыл себет» шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемдерін еш шектеулерсіз көрсетуге болады. Атап айтқанда: ғылым, консалтинг, ветеринария, фитосанитария, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру және өнім құнына әсер етпейтін шаралар қысқартылмайды.

«Сондай-ақ, СФС шаралары аясында қол жеткізілген келісімдер жайлы айтылды. Атап айтқанда, ЕЭО талаптары болмаған жағдайда халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын, стандарттарды қолдану. Субсидиялар ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнына тікелей пропорционалды болғандықтан Қазақстан үшін 8,5% саланың дамуы үшін қажетті көлемде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көрсетуде нақты мүмкіндік. Өткен жылдар көрсеткендей, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі әр 5 жыл сайын 2 есеге ұлғаюда. Сәйкесінше, мемлекеттік қолдаудың шектеулі мүмкін көлемдері осындай қарқынмен ұлғайтылады. Біздің міндетіміз қажетті көлемде толыққанды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін жоғарлату мақсатында оларды тиімді пайдалану», - деді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
355

Осы тақырып бойынша

М.Мамытбеков: ДСҰ-ға ену ауыл шаруашылығы саласына оң көрсеткіш береді - Yvision.kz