Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Шетелдік компаниялар Қазақстанда тек тіркелгеннен кейін ғана бизнеспен айналыса алады — министр

Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек, деп хабарлады Экономикалық интеграциялар министрі Жанар Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел отырысында. «Біз Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек деп бекіттік, яғни олар бізде корпорацияланып, салық салу мен сатып алулар барысында қазақстандық заңды тұлғалармен бірдей шартта жұмыс істеулері керек – бұл қатаң талап»,-деді ол. Басқаша айтқанда, «кез-келген компания: түріктікі болсын Австриянікі болсын өзі үйінде отырып алып, Қазақстанның аймағында қызмет көрсете алмайды, олар елде компания құрып, заңды тұлға ретінде тіркелулерік керек. Бұдан соң қажет болған жағдайда біздің азаматтарымызды қызметке…

0
0
544

Сенат екінші оқылымда Азаматтық процесстік кодекс жобасын қарады

Заң жобасы кейбір заңнамалық актілерді Азаматтық процестік кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Заң жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасына төмендегі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Азаматтық кодекстің 22-бабының 1-тармағы Кодекс жобасының 35 тарауына сәйкестендіріледі, ол бойынша он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмағандардың өз кірістерін дербес пайдалану құқықтарын шектеу немесе айыру туралы өтініштер жөніндегі азаматтық істер қамқорлық жасау және күту органдарында емес, соттарда қаралып, шешіледі. Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін міндетт…

0
0
373

Моңғолияда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті

Ұлан-Батырда Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті Қазақстан Республикасы Моңғолиядағы Елшілігі Моңғолия Ғылым академиясымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ. Іс-шараға Моңғолия Парламенті депутаттары, министрліктер және жергілікті ведомстволар, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ ғылыми және іскер топтарының өкілдері қатысты. Өз сөзінде Елші Қалыбек Қобландин кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөздері, мақалалары және баяндамаларынан үзінділер мен ойлары жинақталып, олар тек мемлекеттік қайраткер мен саясаткердің дүниетанымын ашып қана қоймай, Қазақстан…

0
0
845

Шығыс Қазақстан Облысы мен Қытайдың сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың 4 айында 169,9 млн долларды құрады

ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Аталған кездесу барысында, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту және инвестиция тарту мақсатында 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Өскемен қаласына Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Бас елшісі Чжан Вэйдің басшылығымен Қытай және Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мақсатында 80-нен астам делегация өкілдері келді. «Бүгін бірлескен кәсіпорындар құру бойынша, бірқатар сұрақтарды қарастырып өттік. Соның ішінде, туристік бизнесті және мал шаруашылығын дамыту жобаларына ерекше көңіл бөлінуде. Шілде айының соңына дейін облысқа мамандар тобы келіп, алдағы жұмыс жоспарын құрады. Біздің іскерлік әріптестігіміз жоғарғы көр…

0
0
556

Б.Сапарбаев Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Жоспарланып отырғандай, вице-премьер «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты құралдарын жөндеу цехының және Жаңаөзен қаласындағы суды тазарту станциясының еңбекші ұжымдарымен кездеседі. Сонымен қатар, Б.Сапарбаев 2014 жылы іске қосылған перзентхананың тіршілігімен танысатын болады. Сапар аясында облыс және қала басшылары Жаңаөзен қаласын дамыту кешенді жоспары мен моноқалаларды дамыту бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып береді. Бұдан басқа, Бердібек Сапарбаев құрылысы жүріп жатқан екі нысанмен танысады спорт сарайы және Назарбаев зияткерлік мектебі. Аталып өткендей, Маңғыстау облысында 2015 жылы әлеуметтік саланы дамыту мақсатында 10,5 млрд тең…

0
0
444

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің алғашқы комиссары тағайындалды

Қатысушы елдер Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі секциясының комиссарларын тағайындай бастады, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Сапар аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевпен, Астана қаласы әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбековпен және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Комиссары Р.Жошыбаевпен екіжақты кездесулер өтті. Сапар кезінде Франция Республикасының Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі, атап айтқанда, Франция павильонын орналастырудың техникалық мәселелері, құрылыс жұмыстарының мерзімдері, көрме экспонаттарын әкелу бойынша жұмыстардың басталуы, қатысу туралы келісім-шартты жасасу секілді тағы да басқа мәселелер талқыланды. Франция Республикасы…

0
0
247

Астанада «Біздің Президент» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметі. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аса тығыз байланысты. Елбасының өмір жолы – жастар үшін өсиет. Бүгін жұртшылыққа «Біздің Президент» кітабын таныстырып отырмыз. Бұл жаңа басылымның маңыздылығына тоқталғанда, ең алдымен, тәрбиелік жағын айтуымыз керек. Кітап жас ұрпақты Елбасының теңдессіз үлгі-өнегесі негізінде баулуға мүмкіндік береді», - деді өз сөзінде Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков. Іс-шараға балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұл…

0
0
804

ШҚО мен Қытайдың сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың 4 айында 169,9 млн долларды құрады

Шығыс Қазақстан Облысы және Қытай Халық Республикасы кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Аталған кездесу барысында, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту және инвестиция тарту мақсатында 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Өскемен қаласына Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Бас елшісі Чжан Вэйдің басшылығымен Қытай және Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мақсатында 80-нен астам делегация өкілдері келді. «Бүгін бірлескен кәсіпорындар құру бойынша, бірқатар сұрақтарды қарастырып өттік. Соның ішінде, туристік бизнесті және мал шаруашылығын дамыту жобаларына ерекше көңіл бөлінуде. Шілде айының соңына дейін облысқа мамандар тобы келіп, алдағы жұмыс жоспарын құрады. Бі…

0
0
586

Б.Сапарбаев Маңғыстау облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында вице-премьер өнеркәсіп кәсіпорындары, әлеуметтік нысандар жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті және өңірді әлеуметтік дамыту мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты. Жаңаөзен қаласында Б.Сапарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ жер асты жабдықтарын жөндеу бойынша кәсіпорнында болып, онда өндірістік процеспен танысты, сондай-ақ мұнай-газ секторы кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері бойынша мүдделі сұхбаттасу өтті, ол аяқталған соң вице-премьер проблемалық сауалдарға жауап берді. Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ ТКШ, әлеуметтік сала кәсіпорындарының қызметімен тан…

0
0
277

Астанада «Қазақ хандары» кітабы таныстырылды

Астанада академик, тарих ғылымдарының доктары Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандары» атты жаңа тарихи-танымдық кітабы таныстырылды. Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарық көрген. Автор бұл еңбегі үшін 20 жыл уақытын сарп еткен. «Менің Қасым-хан туралы алғашқы мақалам 1995 жылы «Егемен Қазақстан газетінде басылып шықты. Ол кезде мақалам 15 беттен тұратын. Кейін маған осы жұмысты жалғастыру ұсынылды. Сөйтіп, Жәнібек, Керей, Бұрындық, Мамаш, Тахир, Буйдаш, Ахмет, Тоғым хандар туралы жазды. 2000 жылы Аруна баспасы ұсыныс жасап,алғашында Керей, Жәнібек, ұрындық,Қасым, Хақназар, Тәуке –қазақь хандары туралы жай брошура жазып шықтым», - деді сөз басында Б.Кәрібаев. «Бұрын-соңды оқулықтар, басқа да зерттеулерден қазақ хандары туралы белгiлi, бiрақ олар жүйелi түрде толық түрде зерттелмеген…

0
0
495