Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шетелдік компаниялар Қазақстанда тек тіркелгеннен кейін ғана бизнеспен айналыса алады — министр

Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек, деп хабарлады Экономикалық интеграциялар министрі Жанар Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел отырысында.

«Біз Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек деп бекіттік, яғни олар бізде корпорацияланып, салық салу мен сатып алулар барысында қазақстандық заңды тұлғалармен бірдей шартта жұмыс істеулері керек – бұл қатаң талап»,-деді ол.

Басқаша айтқанда, «кез-келген компания: түріктікі болсын Австриянікі болсын өзі үйінде отырып алып, Қазақстанның аймағында қызмет көрсете алмайды, олар елде компания құрып, заңды тұлға ретінде тіркелулерік керек. Бұдан соң қажет болған жағдайда біздің азаматтарымызды қызметкер ретінде жұмысқа жалдап, өздерінің капиталдары мен технологияларын Қазақстанның экономикасына инвестициялаулары керек. Осындай талаптар құрылыс, энергетика, сауда саласына да қатысты қойылады.

«Егер біз осындай талаптарды заң жүзінде енгізетін болсақ, «Самұрық-Қазына» қорының сатыпл алуларында қазақстандың қамтудың болына қажетілік болмайды, өйткені біздің елдегі шетелдік компаниялар қазақстандық компаниялар сияқты жұмыс істейді. Яғни оларда бірдей реттеу алаңы болады. Осындай келіссіздер қазір ЕАЭО аясында да жүргізіліп жатыр»,-деп түсіндірді министр.

Оның сөзінше, біздің әріптес ЕАЭО мүше мемлекеттерден келетін компаниялар да Қазақстанның ДСҰ аясындағы талаптар негізінде жұмыс істеулері керек. «Осының барлығы біздің компанияларымыз «аяқтарынан тұрып» шетелдік  компанияларымен бәсекелесе алуылары үшін жасалып жатыр»,-деді Экономикалық интеграция министрі

Сонымен қатар, Қазақстандық телекоммуникация нарығы 2,5 жылдан кейін шетелдік компаниялар үшін ашық болады, деп мәлімдеді Жанар Айтжанова Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты өткен дөңгелек үстелде.

«Біздің  заңнамамызда 49%-ға шектеу бар, олар қаларалық және халықаралық тиянақталған байланысты қамтамасыз етеді.  Осы шектеу 2,5 жылдан кейін алынып тасталады, «Қазтелеком» АҚ есептемегенде. Яғни біз халықаралық қауіпсіздік мүддесіне орай «Қазтелеком» АҚ қалдырып отырмыз. Онда шетелдік капитал 49%-дан аспауы керек. Ал, қалған компанияларда 2,5 жыл өткеннен кейін аталмыш шектеуді алып тастаймыз»,- деп мәлімдеді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға бұл шетелдік компанияларды отандық нарыққа тартуға мүмкіндік береді. «Олар біздің отандық телекоммуникация нарығының тікелей инвесторлары. Бұл бізге сапаның артуына, телекоммуникация қызметінің құнының арзандауына және түрлерінің артуына септігін тігізеді»,- деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы құжаттар топтамасы бекітіліп, ДСҰ-ның Басты кеңесіне ресми түрде қабылдау үшін жіберілді. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы Хаттама 2015 жылдың 31 қазанына дейін ратификациялануы тиіс. Ресми түрде Қазақстан ДСҰ-ның 162 мүшесі болады.

Ақпарат көзі

 

0
0
539

Осы тақырып бойынша