Р. Жошыбаев: ҚР-да 19 ел үшін визасыз режимді кеңейту инвестиция тартуға бағытталған
Қазақстанның 19 мемлекетке дейін экономикалық дамушы ел азаматтары үшін визасыз режим бойынша қолданыстағы пилоттық жобаны кеңейту бастамасы инвесторларды, шетелддік іскери тұлғалар мен туристерді тартуға бағытталған, деп хабарлады сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында.
«Қаулы әрекеті Қазақстанға қысқа мерзімге келуге ниет білдірген барлық азаматтарға таралады. Қазақстанның бұл бастамасы екіжақты қарыс қатынасты нығайтуға, әлеуетті инвесторлар, шетелдік іскери тұлғалар, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған», деді Р. Жошыбаев.
Бұл ретте вице-министр аталмыш шешімнің алдағы екі жылға жоспарланған көлемді шараларды өткізу кезінде оң ықпал ететінін айтты, оның ішінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі мен Алматыдағы Қысқы универсидада-2017 бар.
19 мемлекеттің (Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерландия, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония) шетелдік азаматтарын тіркеу тікелей олар Қазақстан аумағына өткен сәттен бастап қазақстандық шекаралық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
«Керек болған жағдайда жоғарыда аталған ел азаматтарының Қазақстанда болу мерзімін қызметтік мақсатқа байланысты 15 күннен 30 күнтізбелік күнге дейін созу үшін «іскери» санатындағы бір реттік виза беру заңда көрсетілген тәртіпте ҚР ішкі істер органына тиісті өтінім берген кезде ғана жүзеге асырылады», деді Р. Жошыбаев.
«ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 26-шілдесіндегі № 483 қаулысына сәйкес, Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония елдері 2015 жылдың 16-шілдесінен 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін мемлекеттік шекарадан өткеннен кейінгі 15 күнге дейінгі визалық талаптардан босатылады»,-деді Р.Жошыбаев.
Бұл ретте ол аталған елдердің азаматтарының Қазақстанға қанша рет келсе де өздері білетіндігін, бұл ретте ешқандай да шектеулердің жоқ екендігін айтты.
«Осы мерзімде Қазақстан Республикасы мойындайтын құжаттардың иелері болып табылатын мемлекеттердің азаматтары Қазақстанға шекарадан асқаннан кейін 15 күн ішінде визасыз жүрулеріне және елімізге қанша рет болса да кіріп, немесе шығуларына ешқандай шектеу қойылмайды»,-деді министрдің орынбасары.
Еліміздің заңнамаларына сәйкес, Қазақстан шекарасынан өткен визасыз режим енгізілген мемлекеттердің азамттарының мұнда жүріп еңбек етулеріне, миссионерлік қызметпен айналысуларына немесе өзге де ақылы жұмыстармен айналысуларына шектеу қойылады.
