Астанада «Шабыт» халықаралық фестивалі басталады
Астанада бүгін «Шабыт» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты түрде ашылуы өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Биыл дарындыларды анықтайтын беделді конкурсқа арнайы диплом, медаль, лауреат атағын алуға, және ең бастысы Ел Президентінің кубогы иегері атануға 388 үміткер қатысады. Сонымен қатар, бас жүлдегер иесі 250 мың теңгені алып кетеді. Алтын медаль иегерлері 200 мың теңгеден, күміс жүлде – 150 мың теңге және қола жүлде иегерлері – 100 мың теңгеден алады. « Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Бұны байқауға ниет білдіргендердің санынан білуге болады. Әр уақытта қазылар алқасы фестиваль жаңа талантты табуға әрі олардың өнер жолын ашуда септігін тигізетінін атап өтеді. Ақпараттық қолдауды «Хабар» телеарнас…