Австралиялық компания СҚО-да титан-цирконий өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлауда
Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану саласында Австралияның тәжірибесін қабылдайды. Австралия геологиялық барлау саласына жеке инвестиция тарту бойынша әлемдік тәжірибеде үздіктердің қатарында және осы салаға қаржы жұмсау жағынан әлемде екінші орында, деп хабарлады ИДМ. 2015 жылы қарашада құрамында ҚР ИДМ мен басқа да мүдделі ведомство өкілдері бар қазақстандық делегация Австралияда болып, осы елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында екі жақты кездесу өткізді. Осы кездесулерде жер қойнауын пайдалану құқығын беру, геологиялық ақпараттар алу, барлау мен өндіру қызметіне салық салу, минералды шикізат қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарттарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен бірге тараптар Қазақстанның тәжірибесіне пайдаланылуы мүмкін тиімді қағидаларды қ…