Д.Назарбаева: 2016-2017 жылдарға арналған орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін 2016/2017 оқу жылынан 2017/2018 жылға ауыстыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ресми сайт. Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды, аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылат…