Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алатын азаматтардың санаты қандай?
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы халық үшін тұрғын үйге қолжетімділігін әрі қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешуін көздейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың қандай санаттарының тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және қолжетімді бағамен пәтер алу мүмкіндігін түсіндіреді. Бірінші санат - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар, олар кезек тәртібінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған және «Самұрық-Қазына» қорының тұрғын үйін алуға мүмкіндігі бар. Олар: жетім-балалар және ата-ананың қамкорлығынсыз қалған балалар; ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңделген тұлғалар; мүгедек-балалары бар немесе тәрбиелейтін отбасылар; зейтенкерлер; оралмандар; кө…