Мемлекеттік қызметшілерге «100 нақты қадам» Ұлт жоспары түсіндірілді
2015 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен Қызылорда облыстық статистика департаментінің қызметкерлері үшін бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Батырбаев және Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Г.Ілкібаев мемлекеттік қызметшілерге Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі жаңа факторлы-балдық шкала тәсілді енгізу туралы түсіндірмелер берді.«Мемлеке…