Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2015 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Сондай-ақ Кеңес отырысына партиялық бақылау комиссия мүшелері, прокуратура органдары, «Азаматтық альянс» қауымдастығы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Жас отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.
«Облыс аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділігі басым мемлекеттік органдар» туралы Департаменттің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев баяндама оқыды.
Отырыс барысында сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнес және азаматтық қоғам институтттарымен тығыз серіктестігін нығайту және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту мәселесі қаралды.
Отырыс соңында Кеңес облыс аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділігі басым мемлекеттік органдар басшыларына қатысты партиялық әсер ету шараларын қабылауға қаулы етті.

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Yvision.kz