Алматы Қала Күні 2012
Сәлем, достар! Алматы қаласын сүйетін баршаңызға сәлем! Сіздермен жаздық жоспарымызды бөлісе отырып, ең бастысы күзде не болатыны жайлы айтқымыз келіп отыр. Біз тым алға кетіп қалған жоқпыз, біз жәй ғана осы жылы 16-шы қыркүйекте өтетін Қала Күніне дайындалып жатырмыз. Шын жүректен бұл мерекенің жүрекке жылы, қызықты, салтанатты және көңілді өтсе екен деп тілейміз. Бұл жерде біз мерекеге дайындық үстіндегі жаңалықтармен бөлісеміз, сондай-ақ сіздердің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды да асыға күтеміз. Әзірше төмендегі ақпаратты есте сақтаңыздар. Биыл қала тұрғындарына мәдени демалыстың жаңа түрі – «Арт-Площадка» ұсынылды. Әр 2 апта сайын қаланың түрлі аудандарында үш күн бойы өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасында көптеген театрлық және ән-би көрсетілімдері, көрмелер мен инсталляциялар,…