Алматы Қала Күні 2012
Сәлем, достар! Алматы қаласын сүйетін баршаңызға сәлем!
Сіздермен жаздық жоспарымызды бөлісе отырып, ең бастысы күзде не болатыны
жайлы айтқымыз келіп отыр. Біз тым алға кетіп қалған жоқпыз, біз жәй ғана осы жылы 16-шы қыркүйекте өтетін Қала Күніне дайындалып жатырмыз. Шын жүректен бұл мерекенің жүрекке жылы, қызықты, салтанатты және көңілді өтсе екен деп тілейміз. Бұл жерде біз мерекеге дайындық үстіндегі жаңалықтармен бөлісеміз, сондай-ақ сіздердің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды да асыға күтеміз.
Әзірше төмендегі ақпаратты есте сақтаңыздар.
Биыл қала тұрғындарына мәдени демалыстың жаңа түрі – «Арт-Площадка» ұсынылды. Әр 2 апта сайын қаланың түрлі аудандарында үш күн бойы өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасында көптеген театрлық және ән-би көрсетілімдері, көрмелер мен инсталляциялар, көпшілікке арналған дәрістер мен мастер-кластар бар. Сонымен қатар кино көрсетілімдер, Garage-sale, қолданбалы қолөнер көрмесі де өтеді.
«Арт-Площадка» фестивалі Алматыда Мәдениет жылы аясында өтеді. Бұл қызықты да ауқымды бағдарлама жаз бойы орын алады.
Шілденің соңында ҚазМемЦиркте «Күзгі дивертисмент» атты бағдарлама басталып, 30-шы тамызға дейін болады.
Ал ең қызықты ай, әрине, қыркүйек болады.
1-16 қыркүйек - Apple-Mix топтамасынан думандар өткізіледі. Сонымен қатар, бұл күндері (1-16 қыркүйек) Қазақстан шеф-поварларларының қауымдастығымен бірге алма бәлішінің ең үздік рецепті шығарылады.
6-8 қыркүйек – Абай алаңында (Республика Сарайының алдында) «Оркестрлер парады» атты, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болған, ашық аспан астында музыкалық фестиваль өтеді.
6-7 қыркүйек – “Мисс Топ-модель” байқауы. (Республика Сарайы)
14 қыркүйек - Республика Сарайында «Алматы жүрегімде» атты сүйікті Алматымызға арналған әндердің қалалық байқауы өтеді – ән салуға келіңіздер!
15-16 қыркүйек – Цирк өнерінің бірінші әлемдік фестивалі.
16 қыркүйек –Баршаңызды Астана алаңында өтетін қалалық алма фестивалі «AppleFest»-те күтеміз. Концерттік бағдарлама жөнінде кейінірек толығырақ айта жатармыз.
19 қыркүйек – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры, жыл сайынғы Бибігүл Түлегенова атындағы халықаралық вокалшылар байқауы. Байқау жастардың классикалық және халық музыкасына назарын аударуға арналған. Және жас дарынды орындаушыларды табуға көмектеседi.
23-30 қыркүйек – қаланың бақтары және саябақтарында "Almaty Puppet Carnival
2012” қуыршақтардың екінші бүкiләлемдiк карнавалы. Театрларда, қала алаңдары және көшелерде, Көктөбеде, циркте, ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында көрініс көрсету үшін әлемнiң 40 елдерiнен 60-тан астам қуыршақ студиялары Алматыға шақырылады.
Сонымен қатар қыркүйекте:
«Алматы – менің алғашқы махаббатым» музыкалық ретро фестивалі (халықаралық шаңғы трамплиндері кешені)
Дәстүрлі қуыршақ өнері фестивалі «Ортеке».
Міне, қазірше осындай кестеміз бар. Әрине, ол әлі толық емес. Тағы да жүзеге асырғымыз келетін бірнеше қызықты ойларымыз бар. Толығырақ мәлімет дайын болғанда, біз міндетті түрде осы жерде сіздермен бөлісеміз.
Сондай-ақ, сіздердің өткен іс-шараларымыз жайында пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды асыға күтеміз!
Кері байланыс жолдары Facebook, Twitter, Vk.com. Және де Yvi-дегі осы блогымыз. Дос болайық!
