Ақмола облысынын жастары
Облыста жастар санынан 148 996 адам тұрады, бұл жалпы облыс халық санынан 20,2 % құрайды.2018 жылы облыста жастар саясаты саласын қаржыландыру сомасы 436,9 млн теңгені құрайды.«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (20 орталық) жұмыс істеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегін түрде психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға жәрдем жасалынады. Жастарды жұмыспен қамту жөнінде жұмыс жүргізілуде.ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың 2-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,7 % төмен. 2018 жылдың 2-тоқсанында NEET жаста…