Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысынын жастары

Облыста жастар санынан 148 996 адам тұрады, бұл жалпы облыс халық санынан 20,2 % құрайды.

2018 жылы облыста жастар саясаты саласын қаржыландыру сомасы 436,9 млн теңгені құрайды.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (20 орталық) жұмыс істеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегін түрде психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға жәрдем жасалынады.

Жастарды жұмыспен қамту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2018 жылдың 2-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,7 % төмен.

2018 жылдың 2-тоқсанында NEET жастар үлесі (оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін жоғарылатпаған) 6,1 % құрады, бұл республикалық деңгейден 1,6 % төмен.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 4557 жастар өкілі қатысушылар болды, оның ішінде 2197 ауылдық жерлерден. Әлеуметтік жұмыс орындарына 159 адам, ал жастар іс-тәжірибесіне – 529 адам жіберілді. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 4093 адам жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетінің тоғысуына жағдайын жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда.

2018 жылғы 1 қыркүйек күніне қарай 248 адам 41,7 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде мамандар: білім - 187 адам; денсаулық сақтау - 46 адам; әлеуметтік қамтамасыз ету - 2; мәдениет – 4; спорт -4; агроөнеркәсіптік кешенде – 5 адам.

Бюджеттік несиелерді 1425,8 млн теңге сомасына 417 адам алды, оның ішінде мамандар: білім - 315 адам, денсаулық сақтау - 70, әлеуметтік қамтамасыз ету – 4, мәдениет – 16: спорт -5; агроөнеркәсіптік кешенде - 7 адам.

Облыста әкімдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 20 кеңес жұмыс істейді (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).

Облыста 65 жастар бірлестігі тіркелген. Оның ішінде 45 жұмыс істейді. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін жастар саясаты мәселелері басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.

2018 жылы жастар саясаты мәселелері басқармасымен маңызды әлеуметтік жобалардың конкурстарын өткізу үшін 11 лотқа 54388,0 мың теңге бөлінді.

Облыста әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсіптік білім алуға ынталандыру үшін облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалған. 2017-2018 оқу жылында атаулы шәкіртақы иегерлер саны 276 адамға жетті. 2018 жылы атаулы шәкіртақыны тағайындау үшін облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлінді.

Жастар істері жөніндегі комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-інде, ТжКБ-ның 39 ұйымында және облыстың 5 ірі кәсіпорын ұйымдарында жұмыс істейді.

0
0
640

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысынын жастары - Yvision.kz