«Сыртқы келбет - бұл бастысы емес».
Өткен аптада мен қаланын ірі сауда орталықтарының біріне киім алуға бардым. Дүкендердің біріне кіріп, қажетті киім элементін іздеуге кірістім. Іздестіруімнің сәтсіздікке ұшырауынан кейін кеңесшінің көмегін сұрауға тура келді. Бірақ қанша іздесем де, керек адамды таба алмадым. Біраз уақыт өткеннен кейін оны тауып көмек сұрадым. Сол дүкенде кеңесші болып жасайтын қыздың маған деген қатынасы өте жағымсыз болды. Маған немқұрайлы көмек көрсетіп, сұрақтарыма аса қалауынсыз жауап берді. Келесі сәтте сол дүкенге қымбат маркалы киім киген жас әйел кірді. Кіре салысымен оның жанына 3 кеңесші жүгіріп, көмегін ұсынды.Енді бір маңызды жағдайды алайық. Сіз шетелге жоғарғы оқу орнына түсу немесе жұмысқа орналасу мақсатында, фотосуреті бар түйіндемеңізді жібересіз. Егер тура сол орынға сіздей білімі мен…