Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыртқы келбет - бұл бастысы емес».

Өткен аптада мен қаланын ірі сауда орталықтарының біріне киім алуға бардым. Дүкендердің біріне кіріп, қажетті киім элементін іздеуге кірістім. Іздестіруімнің сәтсіздікке ұшырауынан кейін кеңесшінің көмегін сұрауға тура келді. Бірақ қанша іздесем де, керек адамды таба алмадым. Біраз уақыт өткеннен кейін оны тауып көмек сұрадым. Сол дүкенде кеңесші болып жасайтын қыздың маған деген қатынасы өте жағымсыз болды. Маған немқұрайлы көмек көрсетіп, сұрақтарыма аса қалауынсыз жауап берді. Келесі сәтте сол дүкенге қымбат маркалы киім киген жас әйел кірді. Кіре салысымен оның жанына 3 кеңесші жүгіріп, көмегін ұсынды.

Енді бір маңызды жағдайды алайық. Сіз шетелге жоғарғы оқу орнына түсу немесе жұмысқа орналасу мақсатында, фотосуреті бар түйіндемеңізді жібересіз. Егер тура сол орынға сіздей білімі мен тәжірибесі бар, бірақ сыртқы жағынан тартымды адам өз кандитатурасын ұсынса, онда оның сол лауазымға алыну мүмкіндігі жоғары болады.

Жарайды, сізді сол жұмысқа алды делік. Соның өзінде сізге деген қатынас сол адамға қарағанда өзгеше болуы әбден мүмкін. Осы тақырыпқа ғалымдар зерттеулер жүргізіп, мынадай тұжырымдарға келді:

Толық адамдардың жалақысы төмен болады. Дене массасының индексі 30-дан асатын жұмысшыларға қалыпты салмағы бар әріптестерге қарағанда аз жалақы төленеді. Басқа зерттеулер көрсеткендей, семіздікке ұшыраған әйелдер жалақыға, жалдауға және лауазымның көтерілуіне қатысты кемсітуге ұшырайды.

Әдемі адамдарды жұмысқа жомарттықпен алады. Йель университетіндегі зерттеу жұмыс берушілер тартымды қызметкерлерге көбірек ақша төлейтінін көрсетеді. Зерттеулерге сәйкес, әдемі жұмысшылар орташа есеппен бес пайызға көп жалақы алады, ал тартымсыз жұмысшылар тоғыз пайызға жуық мүмкіндікті жіберіп алады.

Макияж киетін әйелдер көбірек ақша табады. Зерттеулер бойынша, бет бояумен безендірілген әйелдер жұмыс берушілердің алдында жоғары біліктілік пен сенімділікке ие. American Economic Review журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, макияж киетін әйелдер макияж кимейтін жұмысшыларға қарағанда 30 пайызға дейін көп ақша таба алады.

Біз күн сайын микроскоптың линзасының астында жүрміз. Біздің курстастарымыз, әріптестеріміз және клиенттеріміз бізді сыртқы көрінісіміз, киіну формамыз, үстелдеріміздің көрінісі, содан кейін ғана жасаған жұмысымыздан бағалайды.

Қаншалықты өкінішті болмасын, бұл қазіргі заманның шындығы. Суйкімді бет әлпеті, брендтелген киімдер мен аксессуарларсыз сізді басқалар байқамауы мүмкін. Адамның басындағы білімі мен жүрегіндегі ниетін қоршаған адамдар көбінесе тек сонынан ғана көреді.

0
0
596

Осы тақырып бойынша

«Сыртқы келбет - бұл бастысы емес». - Yvision.kz