Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Грищук “Твой Глаза”

Бейнематериал авторы – Ивент Агентство EVENT DELUXE

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді,

Жақсылығын өсіріп, кемін жауып.

Қанат беріп ұшырған, осы күнді,

Самғатыңдар, биікті, талай алып.

Қапаланып жүрмеңдер, кетермін деп,

Ортақ болған сезімнен, себеп іздеп.

“Мынау Тәңірім, жүрсе екен, бізді жебеп”,

Деп ойлаңдар, сезімге, бақыт тілеп.

Екі жарты-бір бүтін, болғайсыңдар,

Нәзік сезім солмаса, жайнайсыңдар.

Шын сүйгендер, бір-бірін, қимайды ғой,

Мынау өмірге, жарты боп, сыймайды ғой.

Егіз аққу болыңдар, көктемді іздеп,

Бақыт гүлін жинаңдар, кең даланың.

Жайнап тұрсын бақтарың, мәңгі гүлдеп,

Бұл-бұл үні сайрасын, көп баланың.

2
1
373

Қайран сезім, жүрегім, жарығым-ай...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya Emmanuel guitar version

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдегендер – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Алданбаймын, мен уақытша, жұбанышқа,

Керегі жоқ құрақтың, жыртығыма.

Кейбіреулер тиеді, намысыма,

Мынау жанымды ауыртып, жұдырғына.

Қайран сезім, жүрегім, жарығым-ай,

Қалай ғана тұрамын, сені ойламай.

Қашықтағы қуаныш, арманым-ай,

Әнге оралған сезімім, бақ құсымай.

Жетемін бе алыстан, жетпеймін бе,

Оралам ба көктемге, күзді тастап?

Көгерем бе гүлденіп, көксеймін бе,

Бір өзіңе бет алсам, жолды бастап?

Сағынамын, аңсаймын, әнге салып,

Арманымды, ақ еділдей төгілген.

Айыра көрме сезімнен, мұңды алып,

Біз егізбіз, мен аңсармын, шөлдеген.

1
0
616

Өшірер біреу, сезімді...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya - Goodbye MoscowБейнематериал авторы – Проект ОктрытиЯӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzӨшірер біреу, сезімді,Бәріде өтірік, деп сенбей.Шатастырып біреу, төзімді,Басқаны жұбатар, өкінбей.Біреуге сезім, тек сынақ,Баршаны, сынаққа алады.Біреуге болар, ол мазақ,Мұқатып, жарасын салады.Біреуге болар, тек байлық,Таразға салып, өлшейді.Ал біреу болса, қалмайық,Басқадан деп, көлгейді.Мен білсем, сезім періште,Тек қана, бақтан жаралған.Аққусыз қалған, бос көлде,Ешқашан шіркін-ай, толмаған.Кешіре гөр сезім, біздерді,Мың бетке, салып өзгерткен.Қайтейін мынау, көңілді,Осыны ойлап, күрсінген.Рахатқа бола, бес күндік,Ренжітпеу керек, ешкімді.Басына түссе, мүмк…

1
0
863

Бір жаралы жүрекке, болсын емім...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya - Summernight Dreams

Бейнематериал авторы – Ine RP Braat

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстграмм – aikosmuz

Мұңлы өлеңді жазды деп, өкпелеме,

Беу ағайын, бұл өмір, текпен-теңбе.

Зырылдаған күндермен, шуақ түндер,

Көктем-жазды әкетіп, күз әкелер.

Тастан болсам, әйтеуір, жүрер едім,

Кетпен алып қолыма, орып салып.

Бір жаралы жүрекке, болсын емім,

Деп жазамын өлеңді, мұңға малып.

Жаман сөзге қалмайын, мен ойланып,

Жүрген жоқпа талайлар, тілден тауып.

Ойға батып жазамын, жүректі ашып,

Тағдыр берді, қоржынға, қалам салып.

Өткен шығар өмірім, бақ бұйырмай,

Арман болып, басыма, мүлдем қонбай.

Тіл кесілмей жүрсе екен, сөз тоқтамай,

Кұнсыз болып өмірім, бес тиындай.

1
0
475

Өкпелегім келмейді, тағдырыма...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya (Russian Waltz)Бейнематериал авторы – Tatiana BlueӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzӨкпелегім келмейді, тағдырыма,Ренжігім де келмейді, сынағына.Мен табындым, табиғат шындығына,Ғашық болдым, қуанып, таң нұрына.Мәңгі күрес өмірді, бағалаймын,Өкінішті өзіме, қаламаймын.Мұң тұмарын тақсамда, жылаймаймын,Кінәлі деп ешкімді, санамаймын.Сандығына өмірдің, салып қойып,Сөз тигізбей, сақтаймын сезімімді.Тұрсадағы, шуақ түндер, мұң салып,Өшпес үміт, торлайды жүрегімді.Қайтер едім білмесем, қайтер едім,Махаббаттың кұдіретін, мың өртеген.Кұлатса да, тұрғызған, осы сезім,Қайсарлыққа үйретіп, жетелеген.Түңілгеннен нені табам, түңілмеймін,Шын сүйгенге, не жетсі…

1
0
2280

Іздедім бақытты, іздедім...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – You're all I want «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмірдің, келем арқалап,

Жазылған маған, тағдырын.

Қайтемін, тағдырды талқылап,

Ол жеке, менің өмірім.

Өртендім, сезімнің отына,

Жаралы болды, жүрегім.

Бірақта, бақыт осында,

Жылап тұрып, сүйгенім.

Іздедім бақытты, іздедім,

Талпынды, жылаған жүрегім.

Бекетің, сенің қайда екен,

Бір соны, шіркін білмедім?

Бұл бақыт, ұқсас елеске,

Жалт етіп, сосын жоғалған.

Бұл әлде, бізге белес пе,

Үмітті жалғап, шақырған?

1
0
437

Мен сені білесің бе, қызғанамын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Карен Саркисян

Бейнематериал авторы – SHAHIN ISMAYILOV

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мен сені білесің бе, қызғанамын,

Самал желден, шашыңнан, сипап өткен.

Аспандағы күннен де, қызғанамын,

Ақ нұрымен аймалап, сені өткен.

Сылдырлаған бұлақтан, қызғанамын,

Басып жатқан шөліңді, шөлдегенде.

Ормандағы ағаштардан, қызғанамын,

Сұлулығын, сен аңсап, іздегенде.

Жүрегімнің төріне, қоңдырамын,

Тілек тілеп, көңілімде, сақтаймын.

Аңсар болып көруге, сағынамын,

Қандай бақыт, осылай сүйе алғаным.

Бұл махаббат, сүюден, шаршамаймын,

Көк айдында, бір сен деп, қалықтаймын.

Жанымда болса екен деп, армандаймын,

Бұл қиялдан ешқашан, жалықпаймын.

3
0
2134

Сен де мендей, өткіздің бе...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Скрипка Ибрагима из сериала "Великолепный век

Бейнематериал авторы – Медиопортал Solo (Дорик Абдрахманов Адашпа)

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сен де мендей, түстің бе,

Махаббаттың торына?

Сен де мендей, күрсіңдің бе,

Арманның, қарап жолына?

Сен де мендей, өткіздің бе,

Қара бұлтты, басыңнан?

Мұң жаңбырын, сезіндің бе,

Нөсерлеткен тағдырдан?

Өте алмайтын, бар ма екен,

Биік шыңдар, белестер?

Бар ма шегі, бар ма екен,

Сары мұңның, бір бітер?

1
0
460

Махаббатым, мархабатым, сен менің...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – I love you, I miss you «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Махаббатым, мархабатым, сен менің,

Биіктерге самғатқан, бақ сезімім.

Бал шекерден шіркін-ай, тәтті екенсің,

Амандығың, мен үшін, бар тілегім.

Сен менің, жүрегімнің ішіндесің,

Бұйырған сезім болсаң, көз тимесін.

Біреулер, бұл көңілге, ауыр сөзбен,

Байқаусызда, көлеңкесін, түсірмесін.

Сен менің, өңімдесің, түсімдесің,

Өлең қылып жазылған, сөзімдесің.

Қуанышты сыйлаған, күнімдесің,

Маза бермей тулатқан, сезімдесің.

1
0
2479

Қайдасың, қайда сол бір шақ...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Boghz - Bijan MortazaviБейнематериал авторлары – Айгерім МамыроваНұрболат АбдуллинӨңдеген – Бауыржан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Жазғырып тағы, қайтемін,Тағдырды берген, көп мұңды.Іркілген жасқа, не деймін,Көрсетіп тұрған, мұңымды.Қайдасың, қайда сол бір шақ,Бақытқа, мені бөлеген.Кетсеңде, болып сен алшақ,Мен жанмын, үміт үзбеген.Жанымды, қайттым үздіккен,Әр күннен сені, іздеген.Шіркін төзімдік, керек екен,Өйткені, жүрекке әмір, жоқ екен.Тұғырдан, қалай шығамын,Көлдей мұң, тұрса көзімде?Сезімнің торында, болармын,Кетпесе тұрып, көңілімде.*/*/*/*Қойшы жаным, жыламағың, жыламағың,Бағымды, басқа жаннан, таба алмадым.Айлар менен, жылдармен, өмір ағын,Алып кетті, қарсы әттең, тұра алмадым.Тәнім мынд…

1
0
566