Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен сені білесің бе, қызғанамын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Карен Саркисян

Бейнематериал авторы – SHAHIN ISMAYILOV

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мен сені білесің бе, қызғанамын,

Самал желден, шашыңнан, сипап өткен.

Аспандағы күннен де, қызғанамын,

Ақ нұрымен аймалап, сені өткен.

Сылдырлаған бұлақтан, қызғанамын,

Басып жатқан шөліңді, шөлдегенде.

Ормандағы ағаштардан, қызғанамын,

Сұлулығын, сен аңсап, іздегенде.

Жүрегімнің төріне, қоңдырамын,

Тілек тілеп, көңілімде, сақтаймын.

Аңсар болып көруге, сағынамын,

Қандай бақыт, осылай сүйе алғаным.

Бұл махаббат, сүюден, шаршамаймын,

Көк айдында, бір сен деп, қалықтаймын.

Жанымда болса екен деп, армандаймын,

Бұл қиялдан ешқашан, жалықпаймын.

3
0
2135

Осы тақырып бойынша