ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Өшірер біреу, сезімді...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya - Goodbye Moscow

Бейнематериал авторы – Проект ОктрытиЯ

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өшірер біреу, сезімді,

Бәріде өтірік, деп сенбей.

Шатастырып біреу, төзімді,

Басқаны жұбатар, өкінбей.

Біреуге сезім, тек сынақ,

Баршаны, сынаққа алады.

Біреуге болар, ол мазақ,

Мұқатып, жарасын салады.

Біреуге болар, тек байлық,

Таразға салып, өлшейді.

Ал біреу болса, қалмайық,

Басқадан деп, көлгейді.

Мен білсем, сезім періште,

Тек қана, бақтан жаралған.

Аққусыз қалған, бос көлде,

Ешқашан шіркін-ай, толмаған.

Кешіре гөр сезім, біздерді,

Мың бетке, салып өзгерткен.

Қайтейін мынау, көңілді,

Осыны ойлап, күрсінген.

Рахатқа бола, бес күндік,

Ренжітпеу керек, ешкімді.

Басына түссе, мүмкіндік,

Аулаққа бұрсын, көңілді.

Мүмкіндік кетсе, бойынан,

Таусылса шегі, төзімнің.

Еркіні кетпесін, ойынан,

Түсірмей, деңгейін сезімнің.