Асыл Анам «Анама естелік» Аудио өлең
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Н. Еспанов «Тағдыр жолы» орын. Айбек Бекбосын
Бейнематериал авторы – Елена Уварова «Природа»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Асыл Анам, ардақты Анам,
Сағыныш, жарасын салып.
Сыздап тұр-ау, менің жарам,
Жалғыз, Наурызда қалып.
Төрт ай болды, кеткеніңе,
Сағындырып, мұңайтып.
Жете алмадым, дегеніме,
Сенсіз, қапыда қалып.
Ұлы мейрам, сенсіз өтіп,
Жанымды өртеп барады.
Әлі бүгін, сені күтіп,
Жылап жүрек, талады.
Бәрі дәмсіз, болды-ау мүлде,
Болмағасын қасымда.
Жұқардың-ау, қайран жүйке,
Өзің едің, барымда.
Күнде кешке, тілдесемін,
Сүретіңмен, үнсіз мұң.
Тек түсімде, мен көремін,
Түсінетін, мені түн.
Сырласамын, мен ақтарып,
Басып жатқан ойлармен.
Қуат күшке, толып алып,
Қарсы аламын, таңды мен.