Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хиджаб киюге қарсы тұруға бола ма?

Осы сіздердің хиджаб киген қыздарды көргенде  ең бірінші келетін ойыңыз қандай?

Бес уақыт намазын оқиды, жүрегі таза және мейірімді... Бұл тізімді тоқтатпай жалғастыра беруге болады емес пе?!

Ал неліктен, біздің жоғарыда отырған "Ағаларымыз" хиджаб киген қыздарға қоғамдық орындарда жүруге, жұмыс істеуге тиым салады? Мен кеше радиодан қызық жайт естідім. Хиджаб киіп, қоғамдық орындарда жүргендерге енді 30.000 көлемінде айыппұл салынатын болды.  Сонда намаз оқитын қыз-келіншектер білім алмауы керек пе?  Үйден шықпай отыруы керек пе?

Мен өзім хиджаб кимесем де, бұл заңды дұрыс емес деп білем. Жоғарыда отырғандардың бұдан басқа жұмыстары жоқ па? Адамдар бір-бірін өлтіріп, бірінен-бірі ұрлық жасап жатқанда хиджабқа қарсы заң қабылданып жатыр. Бұл не деген сұмдық!!!

1
5
2664

Осы тақырып бойынша

Хиджаб киюге қарсы тұруға бола ма? - Yvision.kz