Сізге өз мамандығыңыз ұнайды ма?
Иә, бұл менің көптен бергі ойланып жүрген сұрағым. Жауабын өзім де білемін. азірге студенпін ғой. Бірақ осы 4 жыл оқуды бекер оқып жүргендей - ақ көрінемін. Мамандығым қазіргі таңдағы сұранысұа ие мамандық. Бірақ маған ұнайды ма? Мәселе осында ғой. Қазіргі оқушылар мамандық таңдарда грант көп бөлінген жағын таңдайды. Өзім оқуға документ тапсыруға барғанда көргенмін: ата - аналары да мамандықтың атын қарап жүрген жоқ, гранттың санын қарап әуре болуда. Грантқа түсіп, оны жақсы дипломмен бітіріп шықсын делік. Сосын жұмысқа тұрып, жұмыс жасағысы келмей жүргені тағы бар. Неге? Мамандыққа дұрыс таңдау жасалмаған. Бәріне үкіметті кінәләп бастайтындары да жоқ емес. Жақында таксиге отырып, бір апайдың отпускке шығып қуанып отырғанын көрдім. Маған қарап демалысқа тағы да ұзаққа созылса, дұрыс болат…