Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сізге өз мамандығыңыз ұнайды ма?

Иә, бұл менің көптен бергі ойланып жүрген сұрағым. Жауабын өзім де білемін. азірге студенпін ғой. Бірақ осы 4 жыл оқуды бекер оқып жүргендей - ақ көрінемін. Мамандығым қазіргі таңдағы сұранысұа ие мамандық. Бірақ маған ұнайды ма? Мәселе осында ғой.

Қазіргі оқушылар мамандық таңдарда грант көп бөлінген жағын таңдайды. Өзім оқуға документ тапсыруға барғанда көргенмін: ата - аналары да мамандықтың атын қарап жүрген жоқ, гранттың санын қарап әуре болуда. Грантқа түсіп, оны жақсы дипломмен бітіріп шықсын делік. Сосын жұмысқа тұрып, жұмыс жасағысы келмей жүргені тағы бар. Неге? Мамандыққа дұрыс таңдау жасалмаған. Бәріне үкіметті кінәләп бастайтындары да жоқ емес.

Жақында таксиге отырып, бір апайдың отпускке шығып қуанып отырғанын көрдім. Маған қарап демалысқа тағы да ұзаққа созылса, дұрыс болатын еді деп әңгіме бастай беріп еді, таксист қарны ашыған кейіппен "Жұмыс таппай жүргендер қаншама, жұмысқа да көңілдерің толмайды!" деп айтып тастады. Расымен де, жұмысқа тұрып қана кету үшін, бала күнгі арманынан бас тартып, қоғамға керек мамандықты таңдап кеткендер көп. Ойланып қараңызшы, қазіргі таңда адамдарға "Арманың не?" десең ұзақ ойланып қалады. Арманы жоқ па? Иә, технология дамыған заман адамдарды ойлау жүйесінен айырып бара жатқандай ғой.

Дегенмен жапон халқы 5 жыл сайын мамандық ауыстырып тұрады екен. Германияда 10 жыл мұғалім болған адамды жұмысқа да алмайтын көрінеді. Эх, қанша "нервысын" құртқан адам!!! Біздің елде мұғалім болу оп - оңай нәрсег айналып барады. Сыныбыызда оқыған қанша оқушының қазір мұғалім болып жүргеніне қараңызшы. Бір апам айтпақшы: "Мектепте тақтаға атын дұрыстап жаза алмай жүргендер мұғлім болп кетті".  Ертең баламызды оқуға беруге қорқатын жағдайға жеттік қой! Ал совет үкіметінде білім алған анам мен әкем мұғалімдерінің сондай ымбатты, шашы ұзін апайлар мен өте білімді ағайлар болғанын үнемі айтып отырушы еді. Оқушылар соған қарап бой түзейді ғой.

Тақырыптан ауытқып кетсем де, айтқым келетін бір ғана дүние бар: әркім дүниеге өз кірпіші болып қалануы тиіс. Өз жолымызды дұрыс таңдайық! Дегенмен есте болу керек сөз бар: "Бір бағытты таңдау-басқа бағытан бас тарту деген сөз емес!"

Ал сзге өз таңдауыңыз ұнайды ма?

 
2
0
1254

Осы тақырып бойынша

Сізге өз мамандығыңыз ұнайды ма? - Yvision.kz