Мазмұнға өту
Abylaikhan

Абылайхан Дандай

@Abylaikhan

Сайтта 2015 ж. 10 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

62

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

XVI Еуразиялық медиа форум хэдлайнері кім: Трампты билікке әкелген адам

XVI Еуразиялық медиа форумының спикерлері құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі болған Стивен Бэннон және тағы басқалар бар. Стивен Бэннон – АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы бас маманы.Бэннон ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеу бойынша магистр дәрежесін Джорджтаун университетінде және іскер әкімшілік магистр дәрежесін Гарвард университетінің Бизнес мектебінде алған. Ол әскери-теңіз күштерінің офицері, АҚШ-тың «Пол Фостер»әскери кемесінде Тынық мұхиты, Аравия теңізі, Парсы шығанағында әскери міндетін өтеген. Пентагонда әскери-теңіз операциялары бойынша қолбасшының арнайы көмекшісі қызметін атқарған. 2016 жылы Стивен К.Бэннон Дональд Трамптың президенттік кампаниясын…

XVI Еуразия Медиа Форумының спикерлері анықталды

22-24 мамырда Алматыда өтетін XVI Еуразия Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар, деп хабарлайды Форумның қоғаммен байланыс қызметі.Биылғы пленарлық отырыс мына тақырыптарда ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуалдық әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».Сондай-ақ жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында…

0
0
348

Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталог таныстырылды

Астана Ұлттық академиялық кітапханасында Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.Кітапқа "Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті" жобасының аясында іріктелген 60 автор мен 180 туынды енді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» кітабы жобасы отандық суретшілердің жұмысымен танысып қана қоймай, олардың еңбегін әлемдік деңгейде насихаттау болып табылады. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш» делінген министр сөзін Мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директоры Әбіл Жоламанов жеткізді.Сондай-ақ, Әбіл Жоламанов қазіргі заманның үздік суретшілерін жинаған каталогты таныстырып, бұл жобаға шығармашылық қауымның қызығушылығы зор екендігін атап өтті. «Жин…

1
0
545

Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп хабарлайды silteme.kz.12-13 қараша күндері «Назарбаев орталығында» әлемнің жетекші сарапшылары, саясаткерлері мен дипломаттарын біріктіретін саяси форум форматында беделді халықаралық пікірталас алаңы - «Астана клубында» төртінші жыл сайынғы отырысы өтеді.«Астана Клубының» негізгі миссиясы – бүкіл әлемге, әсіресе Еуразия аймағына әсер ететін ғаламдық үрдістерді талқылау және маңызды мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси хабарламаларын әлемдік сарапшы-саяси аудиторияға жеткізу.Осы жылы «Астана клубы» жұмысына Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Египет, Италия, Қырғызстан, Пәкістан, Польша, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қытай,…

0
0
537

«Карточный домик» (House of cards) триллерінің авторы – Майкл Доббс Қазақстанда

Бірнеше күннен соң Алматыда өтетін Еуразиялық медиа форумына спикер ретінде британдық саяси қайраткер, «Карточный домик» атты әлемге әйгілі саяси триллердің авторы – Майкл Доббс Қазақстанға арнайы келеді.«Карточный домик» триллері және басқа да әдеби атақты шығармаларының арқасында, лорд Майкл Доббс британдық саяси роман жазушыларының арасындағы ең атақтылардың бірі болып саналады. Лорд Доббс соңғы он жылдықта белсенді саяси қайраткер және Лордтар Палатасының мүшесі.Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер болып тұрғанда Майкл Доббс оның кеңесшісі болып қызмет атқарған. Кейіннен Доббс Ұлыбританияның Консервативтік партиясы әкімшілігін басқарып, ВВС арнасындағы баспасөзге шолу жаңалықтар бағанасын жүргізген.Майкл Доббс Еуразиялық медиа форумның екінші күні яғни, 23 мамырда «Қоғамға…

0
0
343

Әлемдік дағдарыс және журналистика

Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Осындай кезеңдерде журналистиканың рөлі қандай?Бұл сұрақ Еуразия медиа форумында талқыланады. Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок.Сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болады. Сонымен қатар, БАҚ болған жерде сары басылымдар мен бұрмаланған жаңалықтар, арандатушылар мен…

0
0
839

Әлемдік саяси оқиғалардағы журналистиканың атқарар рөлі

Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Осындай кезеңдерде журналистиканың рөлі қандай?Бұл сұрақ Еуразия медиа форумында талқыланады. Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок. Сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болады. Сонымен қатар, БАҚ болған жерде сары басылымдар мен бұрмаланған жаңалықтар, арандатушылар мен…

Р.Тәжібаева: Халық таңдаған сапа – отандық БАҚ-та көрініс табуға тиіс

Бұл туралы бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева айтты. Оның айтуынша, қазақстандық брендтер бүгінде әлемдік баламаларынан артық болмаса, бір де кем емес. Бағасы да, сапасы да жоғары деңгейде. Қалың бұқара да мұны біртіндеп түсініп келеді. Ендігі басымдық – отандық медиа саласының қолдауы мен насихаттау жұмысына тіреліп тұр. Өз кезегінде, «Самғау» ұлттық байқауы да осынау «Халық таңдаған сапа» тақырыбын әділ, сапалы және жан-жақты етіп көрсетуге республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тар мен блогерлерді тарту үшін өткізілуде. «Байқаудың мақсаты – қазақстандық өндірушілердің үздік…

0
0
417

Дін істері ведомствасы жекелеген мешіттерде орыс тілінде уағыз жүргізу бойынша түсініктеме берді

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті бірқатар БАҚ беттерінде еліміздегі мешіттерде ресми уағыздардан кейін қосымша түрде оның орыс тілінде түсініктемесі айтылуы қажет деген мәселе төңірегінде туындаған талқылауларға қатысты түсіндірме беруді қажет деп есептейді. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе Министрлік тарапынан емес, осы шараға қатысушылардың бірімен көтерілген болатын. Сәйкесінше, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі аталған іс-шара барысында осы мәселе төңірегінде журналистер тарапынан сұрақтар қо…

0
0
513

Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Жалпылай алғанда, ҚР АШМ тарапынан өсімдік шаруашылығындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Оларға сәйкес электрондық дақылдық қолхатқа өту а.ж. 23 шілдеден бастап іске асырылмақ.

Сақтандыру мен өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығы индексі негізінде сақтандыру жоспарлануда.

Аталған жаңалықтар осы саладағы тиімді жұмыс жүргізу үрдісін қалыптастыруы тиіс.

0
0
415