"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атты библио – кросс жарияланды
Құрметті кітап сүйер қауым! Аудандық орталық модельді кітапхана 2021 жылдың 20 қаңтар мен 20 тамыз аралығында "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атты библио – кросс жариялаған еді. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Айкүміс Бирликовна Дукенбаева "Бір ел-бір кітап" акциясының проза бөлімінен Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі» кітабын алды. Библио-кросс жарияланғалы алғашқы оқырманымыз.
Құрметті оқырмандар, акция бойынша аталған кітаптарды оқуға асығайық! Рухани құндылығы бай адамның мәртебесі әрдайым биік болғай!



