Ауданыдқ кітапхана "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атты библио – кросс жариялайды.
Құрметті кітап сүйер қауым! Аудандық орталық модельді кітапхана 2021 жылдың 20 қаңтар мен 20 тамыз аралығында "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" атты библио – кросс жариялайды.
Осы уақыттың ішінде кітапханаға келіп, 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани-мәдени акциясыбойынша ұсынылған кітаптарды алып, ең көп кітап оқыған оқырман жеңімпаз атанады.
Акция аясында оқылатын кітаптар үлкендерге, ата-баба дәстүріне деген құрмет, жан тазалығына, шынайы қасиеттеріне деген сүйіспеншілік сияқты дәстүрлерге мән беріп, оқырмандардың жүрегінен өз орнын табады деп үміттенеміз.
Біздің мекен-жайымыз: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41.
Кітап оқуға асығыңыз!

