Өзге түгіл, өзің де мойындай алмас сезім...
Бихтер мен Бехлюль атты екі жастың бір-біріне деген құпия сезімдері туралы сыр шертетін бұл хикая түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналды. Романтикалық махаббат оқиғасы көптеген елдерде көрермендер көңілінен шығып, кино саласындағы 18 марапатқа ие болды. Телетоптаманың Қазақстандық тұсаукесері «31 арнада» қаңтар айында болған еді, сол уақыттан бері көрермендер екі жастың арасындағы ыстық сезімге толы хикаяның жалғасын асыға күтеді. Бәрі қалай басталғанын еске алсақ... Стамбулдағы сыйлы да, дәулетті жандардың бірі Аднан жұбайының қазасынан кейін, қызы Нихаль, ұлы Бюлентпен бірге өзгелерден оқшау, мамыражай тірлік кешіп жатады. Бір күні ол жас сұлу Бихтермен танысады... Бойжеткенмен кездескен сәттен бастап, ол өмірге қайта келгендей болады. Ал, жақында ғана әкесінен…

