ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Шыңғысханның «моңғолдығы» жөніндегі күмән негізінде шежіресіндегі есімдерден басталады

... Шыңғысханның «моңғолдығы» жөніндегі күмән негізінде шежіресіндегі есімдерден басталады. Құдай-ау, Шыңғысханның есімі Южмагийн, сойы Цеденбал немесе Халтмаагийн Баттулга (қазіргі Моңғолияның президенті) болса, кім таласар еді ол қазақ деп. Ал аталары Бұқа, Қабыл, Қайду, Байсұнқар болса, қайтып қарап отырады қазақ демей. Түркі тілін табиғи білмейтін орыс пен батыс мәдениетіндегі адамға (ғалымға) ғана олар «монгол» есімдері болып көрінуі мүмкін.

Жалпы, «монгол» тілі қазақ тілімен бірге шартты Алтай тіл тобына жатқызылғанмен, табиғаты қазақ тілінен мүлдем басқа, фонетикасы (дыбыстануы) бөлек. Мысалға, біз «моңғол» дейміз, ал оларда «ң», «ғ» дыбыстары атымен жоқ. Ұлттың дұрыс атауы - «монгол». Өздері солай жазады. Сонымен, қазақ тілінде бар дыбыстар – увулярлық қ (орысшасы әдемі «увулярный взрывной»), басқа да «мұғұл» лұғаттарындағы дауыссыз ғ, ң, һ монголдарда затымен жоқ, дауысты ә, ұ, і дыбыстар да, түріктер айтпақшы - hayır, йоқ, тек ө, ү ұқсас дыбыстары бар. Тегі, «Алтай тіл семьясы» делінуі - батыс пен орыс ғалымдары басты қатырмай Орал тауының ар жағындағы bird tongue, «құстың тілінде» (птичий язык, кейде dog tongues, «песьи языки») сөйлетіндерді жалған бір шартты топқа бөле салғаннан шыққан дүние, оны осы күні өздері де мойындайды. Әйтпесе, түрік, монгол, тунгус-маньчжур, финн-угор, тіпті, корей (кәріс) және ниппон (япон-рюкю) тілдерін бір топқа қалай біріктіруге болар еді?! Әлбетте, әлемдік тілдерде ұқсастық бар, тілдер бір-бірімен араласып, кейде қосылып, кейде ажырасып жатады. Бірақ әрбір тілдің табиғаты бар, өзіңе ғана тән заңдылықтар мен дыбыстары бар. Қазір Еуропа ғалымдары «Алтай тілдерін» қайта бөлуге ниеттеніп жатыр, natural classification - тегі мен табиғатына қарап.

Summary: монгол тілі түркі тіліне жат, антропонимдердің (есімдердің) мен этнонимдердің (елесімдердің), топонимдердің (жер-су атаулары) бірдей болуы неғайбыл ғана емес, мүмкін емес. Олай болса Шыңғысхан бақилық болғаннан жиырма жыл ғана кейін туған Рашид ад-диннің "Жамиғ ат-тауарихындағы" аталған -нимдердің дені неге - түрікше?! Дыбыстық пормысы да, лексикалық мағынасы да... Гәп неде?...

Айтпақшы, «үш жүз жыл» Ресейді билеген «монголдардың» орыс тіліне әсері - zero, нөл, ал түрік сөздері орыс тілінің сөз қорының жартысына тақауын алып жатыр. Экономика саласынан бастап (деньги, барыш, казна, таможня), мемлекетті басқару (царь, князь, атаман... - ямщикке дейін), «милитари» әскери сөздер (сабля, кинжал, есаул), ауа-райы құбылыстары (туман, ураган), киімнің түрлері (кафтан, фата, сарафан), зат-бұйымдар (сундук, стакан), әшекейлер (алмаз, серьги), тіпті арбуз бен брага, оны айтасын – дурак, ханжа мен балбес – түгел түркі сөздері. Бәрін айтып, тізіп шығу - мүмкін емес. Осының өзінен-ақ орысты үш ғасыр кім билегені белгілі емес пе. Кейбір орыс ғалымдары мен жазушылары «орыстар тіл жағынан түркі халық» деп жатқаны да осыдан. Ал орыстың есім-сойлары (фамилиялары) - бөлек қызық әңгіме. Профессор Н. А. Баскаковтың «Русские фамилии тюркского происхождения» еңбегің оқысан -шалқанннан түсесін. Орыс тарихы мен и мәдениетінің 18 ғасырға дейін қаймағы Алтын Ордадан шыққан игі-жақсылар, кейінгісі (Бірінші Петрдан бастап) – неміс пен жойыт. Жалпы, орыстың элитасы қай заманда болсын өздеріне бұратана халықтан тұрған (варягтардан бастап), бірақ олардың көбі орман еліне адал қызмет еткен.

Хош, бұл бөлек әңгіме. Негізі менің айтпағым Рашид ад-диннің "Жамиғ ат-тауарихындағы", "монгол" емес, қазақи түрік-мұғұл есім-сойлар туралы еді. Енді келесі жолы болар.