«Самұрық-Қазына» басқарушы директорларының санын екі есе азайтты
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап енгізілген қордың жаңа құрылымын бекітті.
«Басқарушы директорлардың саны 10-нан 5-ге дейін қысқарды, құрылымдық департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің саны 37-тен 27-ге дейін қысқарды, ал Басқарма төрағасының бір штаттық қызметкері енгізілді», - делінген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мәлімдемесінде.
Басқарма жүйесінің өзгеруі қор жұмысының мобильділігін, тиімділігін арттыру мақсатымен байланысты, сонымен қатар активтерді басқарудың сатылы жүйесін құру мақсатымен байланысты деді қор баспасөз қызметі. Жаңа құрылым қорға мүше ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыруы қажет.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2008 жылы ҚР Президенті бұйрығымен құрылды. Оның миссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын жақсарту және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Үкіметі болып табылады.
23 желтоқсан ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мен Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» жаңа төрағасы Ахметжан Есімовпен таныстырды . Ол 2015 жылдың тамыз айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
