Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Әр адам көруі керек ТОП-5 фильм

1. Бақытқа ұмтылу («В погоне за счастьем», «The Pursuit of Happyness»)

Уилл Смиттің кейіпкерінің өмірі төменге құлдырап бара жатқандай: оның жұмысы ақша әкелмейді, қарыздары өсіп келеді, кішкентай ұлы оның назарын және қолдауын қажет етеді, әйелі, бұлар қиыншылықтарға шыдай алмай, оларды тастап кетеді. Енді жалғыз басты әкенің міндеті - бұл мүмкін еместі болдыру, жаңа мамандық игеру және әрдайым армандаған жетістікке, дамуға және, ең бастысы, бақытқа қол жеткізу. Және ол оның бәріне қол жеткізеді.

2. Шоушенктен қашу («Побег из Шоушенка», «The Shawshank Redemption»)

Басты рөлде Морган Фриман түскен бұл фильм Голливуд классикасы және шынайы кино шедеврі саналады. Фильм кейіпкерлері шын мәнінде, олардың болашағы жоқ екенін біледі, бірақ олар өздеріне және жақсы адамдарға сенеді. Көру барысында көңіл-күйіңіз сан құбылады, жылайсыз, күлесіз, және ең соңында түсінесіз – Өмірде ешқандай жағдайда, ешқашан жақсылыққа деген сенімді жоғалтпау керек.

3. Көкке ұмтылу («Достучаться до небес», «Knockin' on Heaven's Door»)

Егер алдыңғы фильмде кейіпкерлер жағдайы қиын болса, бұл туындыда алдеқайда қиындау. Фильм кейіпкерлері жазылмайтын ауруға шалдыққан және уақыттарының аз қалғанын түсінеді. Және қалған өмірлерін армандарын орындаумен өткізеді – әртүрлі тәуекелдерге барады, басқалардың пікірлеріне немқұрайды қарайды. Егер сіз қазіргі жағдайыңыз нашар деп ойласаңыз- сізге міндетті түрде осы фильмді көру керек.

4. Жасыл миль («Зеленая миля», «The Green Mile»)

Оқиғаны Пол Эджкомб баяндайды. Ол қарттар үйінде тұрады және өзінің құрбысы Эллен Коннелиге 60 жыл бұрын болған оқиғасымен бөліседі. Ол кезде ол «Суық таулар» деп аталатын түрмеде жұмыс істеген, онда ол өлім жазасына кесілген тұтқындарға қараушы болып істейді. Ол жылдар бойы адамдардың соңғы сағаттарын көріп, бақылап сенімін жоғалтқан. Бірде оның блогында екі баланың өліміне айыпты жаңа тұтқын пайда болады – Джон Коффи. Оқиға содан басталады.

5. Жеті өмір («Семь жизней», «Seven Pounds»)

Фильм басты кейіпкердің 911-ге қоңырау шалуынан басталады. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хабарлайды...

Осы сәтке дейін екі жыл бұрын ол көлік апатына ұшырайды, апат жеті адамның өмірін алып кеткен, оның қалыңдығы да солардың қатарында болды. Енді ол жеті адамға өмір сыйлауға бел байлайды.

1
0
1374

Осы тақырып бойынша