Мазмұнға өту
Обложка сообщества Экономика 

Panasonic 2023 жылдан бастап Tesla -ға арнап жаңа аккумулятор шығармақ

Panasonic компаниясы 4680 аккумуляторларын 2021 жылдың қазан айында таныстырған еді. Сол кездің өзінде олар алдағы уақытта Tesla - мен тығыз әріптестік орнатуды ниеттеніп отырғандықтарын жеткізген. Ал Tesla -ның басшысы Илон Маск бұл ұсынысты жылы қабылдап өзара серіктестік орнаған. Илон Маск бұған дейін жасаған мәлімдемесінде жаңа Panasonic батареялары бұрынғысына қарағанда 6 есе қуатты деп айтқан болатын. Nikkei Asia басылымының жазуынша Tesla электромобильдеріне арналған аккумуляторлардың жаңа моделін өндіруді Panasonic 2023 жылы бастайды. Бұл аккумулятор бұрынғысына қарағанда 6 есе күшті болмақ.  Panasoniс аккумуляторлардың жаңа модельдерін нарыққа шығару үшін Вакаямадағы (Жапония) зауытын жаңартпақ. Айта кетейік, Panasonic бұл технологиясын дамытуға 705 миллион доллар инвестиция құйған

0
0
178

Осы тақырып бойынша