KASE: Қазақстандықтар қорда валюта саудалауға мүмкіндік алады
Қажетті түзетулерді ағымдағы жылдың бірінші кварталында енгізу жоспарлануда.
Бұл жағдайда брокерлар күніне 100 мың доллар көлемінде банктық операциялар жүргізуге лицензия ала алады. Брокерлердің қызметтерімен барлық қазақстандықтар қолдана алады, осылайша олар валютаны сатып алу мен сатуда айырбастау бөлімдерінің қызметін талап етпейді, ал әзірге брокерлердің қызметіне тек екінші деңгейлі банктер жүгінуде.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, шет ел валюталарын спот-нарығында шет ел валюталарын саудалау көлемі 12 триллион 300 миллиард теңгені құраған. Ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,6% көп. Саудаға ең көп түсетін валюта – АҚШ доллары, ол барлық сауданың 98%-ын құраған. 2017 жылда доллардың ең жоғарғы және төменгі құны теңгеге шаққанда 310 -ден 345 теңге аралығында болған.
«Жыл қорытындысы бойынша теңге сәл 0,3%-ға нығайды, бұл теңгенің тұрақтылығын көрсетеді. Ол өткен жылды қорытындылап, келесі жылға анализ жасап, жоспар құрғанда теңгемен номиналданған инструменттерге инвесторлардың назарын аудару үшін өте маңызды»,-деді Қазақстан қор биржасының төраға орынбасары Андрей Цалюк.
