Головкин Роналдуды құттықтады
Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалдың» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.
«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.
Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.
