Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

«Дін саласынының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау» шығармашылық байқауы басталды

17 ақпан күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті. Шара жыл сайын дәстүрге айналған «Дін саласынының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау» шығармашылық байқауына арналды.

16 жастан бастап Алматы қаласының кез келген тұрғыны қатыса алатын байқау биыл 7-мәрте ұйымдастырғалы отыр. Шараның басты мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы экстремистік және радикалды діни ағымдар идеологиясының зияны мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары туралы халықты хабардар ету. Журналистер мен БАҚ-ты, сондай-ақ дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша контент дайындаушыларды қолдау.

Байқау төмендегі 7 номинация бойынша өтпек:

1.  Әлеуметтік желіге жазылған үздік пікір – 150 000 теңге сыйақы;

2.  Әлеуметтік желідегі үздік тақырыптық пост – 300 000 теңге сыйақы;

3.  Үздік мотивациялық сөз және үндеу – 350 000 теңге сыйақы;

4.  Интернет ресурстағы үздік қазақтілді мақала – 400 000 теңге сыйақы;

5.  Интернет ресурстағы үздік орыс тіліндегі мақала – 400 000 теңге сыйақы;

6.  «Instagram» әлеуметтік желісіндегі үздік видео – 600 000 теңге сыйақы;

7.  «TikTok» әлеуметтік желісіндегі үздік видео – 600 000 теңге сыйақы;

Бұдан бөлек, жұмысы жоғарыдағы аталымға енбеген, алайда салмақты дүние жасаған 10 контент-мейкерге 70 000 теңгеден сыйақы табысталмақ. Жалпы 7 номинация бойынша жалпы жүлде қоры 3 500 000 теңге. Аталған басқарма қызметкері Бақдәулет Әбдіхамитовтың сөзінше, қоғамның қызығушылық танытпауына байланысты былтырғы 10 номинацияның 3-еуі қысқарған. Алайда әр жұмыс қажыр мен қайратты талап ететіндіктен, жүлде қоры көбейген. Өткен жылы байқау аясында 229 материал келіп түссе, оны дайындағандардың 80%-ы студенттер болғанын айтады. Маманның сөзінше, осы байқаудың нәтижесінде интернет кеңістігінде дін туралы сапалы әрі нақты материалдардың саны көбейіп, қоғамның қызығушылығы артқан.

Байқау шарттары @din_almaty Instagram  парақшасында жарияланады. Шараны Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасы мен «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қоры бірлесе ұйымдастырып отыр.

0
0
222

Осы тақырып бойынша